Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері
Жоспары
1 Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру 3
1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекісін шолу 3
1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары 13
2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау 18
2.1 Бюджет шығысының жіктемесін 18
2.2 Әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау 24
2.3 Білім беруге арналған бюджет шығыстары 34
1 Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру
1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекісін шолу
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексі бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
1.2 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен олардың негізгі мақсаттарда , яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіндіктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінеді.
2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау
2.1 Бюджет шығысының жіктемесін
Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егер де олар материалдық құралдар мен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс әрекеті мемлекеттік құралдарды тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әр мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесін болып табылады. Шығыстар жүйесін құру құралдарынан арнаулы бағыттау үнемі режимімен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.