Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
Жоспар
1 Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері 3
1.1 Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар 4
1.1.1 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу 4
1.1.2 Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау 5
1.1.3 Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу 6
1.1.4 Журналистік заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру 7
1.1.5 Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау 8
1.1.6 Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу 9
1.1.7 Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау 10
1.2 Адамның және азаматтың әлеуметтік экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар 11
1.2.1 Еңбек туралы заңдарды бұзу 11
1.2.2 Еңбекті қорғау ережелерін бұз 13
1.3 Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар 14
1.3.1Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу 14
1.3.2 Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу 15
1.3.3 Дәрігерлік құпияны жария ету 16
1.3.4 Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу 17
1.3.5 Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау 18
1.3.6 Азаматқа ақпарат беруден бас тарту 20
Әдебиеттер 22
1 Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының ҚР Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
1.1 Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
1.1.1 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
Қылмыстың тікелей объектісі ҚР Конституциясының 14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.
1.1.2 Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау
Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады. Сайлауға,сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауға дауыс жасырын беріледі.
1.1.3 Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу
Қылмыстың тікелей объектісі-сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы. Қылмыстың заты-сайлау құжаттары, сайлаушылары тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау құжаттары. Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньде жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді ҚР Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.
1.1.4 Журналистік заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру
Қылмыстың тікелей объектісі-сөз бен шығармашылық еркіндігі, қосымша тікелей объект-журналистің заңды құқықтары мен мүдделері. Осы қылмыстың заты болып-ақпарат мәліметтері жатады. Қылмыстың жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін журналист. Объективтік жағынан қылмыс журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады.
1.1.5 Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау
Қылмыстың тікелей объектісі-Қазақстан Республикасының Конституциясының 32-бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы. Қылмыстың факультативтік тікелей объектісі жәбірленушілердің өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті.
1.1.6 Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
Қылмыстық кодестегі бұл бап мүлдем жаңа норма болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі заңмен белгіленген азаматтардың ереуілге қатысу немесе қатысудан бас тарту құқығы. Қылмыстың қосымша тікелей объектісі азаматтардың өмірі, денсаулығы, адамгершілігі.Қылмыстың жәбірленушісі-ереуілге мәжбүрлеу арқылы қатысқан немесе соған қатысудан бас тартқан адам.
1.1.7 Қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау
Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің қызметі арнаулы заң-қоғамдық бірлестіктер туралы заңмен реттеледі. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар осы қылмыстың тікелей объектісі болып табылады.
1.2 Адамның және азаматтың әлеуметтік экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
1.2.1 Еңбек туралы заңдарды бұзу
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Республика азаматының еңбек ету бостандығына, қызметпен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, сол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі.
1.2.2 Еңбекті қорғау ережелерін бұз
Қылмыстың тікелей объектісі-еңбектің қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің өмірі, денсаулығы.
1.3 Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
1.3.1Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу
Жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу қылмыс болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі жеке өмірге қол сұғылмаушылықты реттейтін қоғамдық қатынастар, қылмыстың жәбірленушісі-жеке өміріне қол сұғылған адамдар. Қылмыстың заты-жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әр түрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке шығармашылық жоспары, басқа адамдармен қарым-қатынасы т.с.с.).
1.3.2 Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу
Азаматтардың хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф арқылы хабарлауы олардың жеке өмірлік құқықтары болып табылады және мұндай хабарлаудың құпиялылығы сақталады. Байланыс мекемелері азаматтардың осындай құқықтарын мүлтіксіз қорғауға міндетті. Азаматтардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
1.3.3 Дәрігерлік құпияны жария ету
Қылмыстың тікелей объектісі-дәрігерлік құпияны қамтамасыз етуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбірленушісі-сырқатқа ұшыраған пациент.
1.3.4 Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Қылмыстың тікелей объектісі-тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру арқылы көрініс табады.
1.3.5 Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау
Ар-ождан құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
1.3.6 Азаматқа ақпарат беруден бас тарту
Қылмыстық құқықтың 154-бабы азаматтардың осы Конституциялық құқығын қылмыстық-құқықтық қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың өзіне қатысты ақпараттармен танысуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-жиналған құжаттар, материалдар.