Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ахмет Байтұрсынұлы


Жоспар
Кіріспе 3
І – ТАРАУ. Ахмет Байтұрсынұлы 5
1.1 «Қазағым, елім.....» 7
1.2 «Қазақ» газетінің редакторы 8
1.4 Ғалым – филолог 10
1.5 Қырық мысал 11
ІІ – ТАРАУ. Ахмет Байтұрсынов – мысалшы 13
Қорытынды 17
Әдебиеттер 18

Кіріспе
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.

І – ТАРАУ. Ахмет Байтұрсынұлы
Бұл – алмағайып аласапыран жылдарда алты алаштың айбарына айналған жас ұрпақты қасиетті тіл арқылы ақ жолға бастаған ардақты Азаматтың есімі. Бұл – тарихи тамырын сонау сақ дәуірінен бермен қарай тартып жатқан Ұлы Даланы еркін жайлаған, танымы терең, бітімі бөлек, рухы биік, жүрегі жомарт жұрттың өрелі өрісін бірінге жалғаған ойшылдың есімі.
Ахмет Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған «Қазақ» газеті қазақ халқының рухани, мәдени, тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов «...... Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның салқын желіндей шиырықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ»газеті болатын.Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң «Маса» болып талай ызыңдап «оятамын» деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын» - деп жазғанда.

1.1 «Қазағым, елім.....»
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп түсінді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінгісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болады. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. Ақын арманы – «адамның диханшысы» болып халқына қызмет ету.

1.2 «Қазақ» газетінің редакторы
Ахмет Байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін ағартушылық іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады. Оның қазақ елінің жоғын жоқтап санасына сәуле құюға байланысты еңбектері елге тарай бастайды. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған жостар белсене кірісіп, елден қоржи жиналады. Ол газет «қазақ» деп аталады да, редакторлық міндет Ахмет Байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2 ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге жеткізем, ұқтырсам деген көкейіндегі көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дейтін мағыналы, мәнерлі анықтаманы сол кезде Ахмет Байтұрсынов «қазақ» газетінің оқырмандарына арнап жазыпты.

1.3 Ахмет Байтұрсыновтың юбилейі
«Ақ жолдың» осы сонында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған тойына арналған мақала басып отыр.Қырғыз – қазақ баласында елу түгіл, алпысқа да онан да көп жастарға жеткен жасы үлкендер толып жатқанмен, солардың ішінен еленіп, Ахаңның еске алынып отырғандығында үлкен айырмашылық бар.

1.4 Ғалым – филолог
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен ғалым. 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін,емлесін ретке салып,жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім.

1.5 Қырық мысал
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән - мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады:

ІІ – ТАРАУ. Ахмет Байтұрсынов – мысалшы
Ахмет Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле мол оқыған .Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан бастап шәкірттеріне И.А.Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтовты, С.М.Нодсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А.С.Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізінде өзі де мысалдар жаза бастайды. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бас еді. Ондағы моральдің, адамгершілік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.

Қорытынды
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшы, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы жаңашыл ағартушы. Араб графикасына негізделген қазақ жазуын жаңартушы. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер – демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгісін жасады.
2. Алмастай көп қырлы ғажайып талант иесі Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – И.А.Крыловтан аударып құрастырған 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «қырық мысал» атты еңбегі. Ахаң әрбір аудармасының соңынан өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін жанынан қосып отырған. Ақынның бұл қосымшасын халқымыздың сол кезегі тұрмыс - тірлігін, мінезін, психологиясын анық байқауға болады.