Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет


Жоспар
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет 3
Пушкин және қазақтар 12

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

Иә, баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге байланысты не айтуға болады?
Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.
Осы арада Перовскийге (1795-1857) ерекше тоқталған жөн. Ол Пушкинмен, оның ұстазы В.А.Жуковскиймен ертеден таныс еді. 1825 жылдың 17 тамызында Жуковскийге жазған хатында ақын Перовскийді ортақ танысы ретінде еске алады. Олар кейін де кездесіп тұрады. Орынборда Пушкин оның қала сыртындағы үйіне тоқтайды.
Ақынның Орынборда болған екі күн шамасындағы сапары жөнінде әдебиетте аз жазылмаған. Бірақ авторлар осы мерзім ішінде (19, 20 қыркүйек) Пушкиннің Орынбор мұрағатында қаншалықты жұмыс істеп үлгергенін және қандай құжаттарды алғанын нақтыламайды. Алайда “Пугачев тарихының” деректік негізіне ыждағатты көз жүгіртсек, керекті құжаттар әскери министрлік мұрағатынан алынғанға ұқсайды. Ал, Орынбор мұрағатында Пушкин қысқа уақыт болып, кейбір құжаттарға ғана көз жүгіртіп өткен деп шамалауға болады. 21 қыркүйекте ақын Орал қаласына келіп, ондағы үш күнді казактар қауымында өткізеді. 23-і күні қайтар жолға шығады.

Пушкин және қазақтар

Ұлы ақын өзінің жеке кітапханасына дала перзенттері – біздің бабааларымыз туралы кітаптарды не үшін жинаған?
Көшім Лекерұлы Есмағамбетов 1938 жылы туған. 1965 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін үздік бітірген. Содан соң 1965 жылдан бастап КазГУ-де оқытушы болып, кейін республика Жоғары және арнаулы орта білім, Сыртқы істер министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында редакция меңгерушісі, гума­нитарлық ғылымдар орталығының бастығы болды. Қазір Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас ғылыми қызметкері. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. “Шындық және бұрмалау­шылық”, “Көне Қазақстанды көргендер”, “Біз туралы батыста не жазған”, “Қазақтар шет ел әдебиетінде” атты кітаптардың авторы. Дж.Демконың “Орыстардың Қазақстанды отарлауы”, С.Пфинханың “Құқық философиясы” еңбектерін ағылшын тілінен қазақшаға тікелей аударған.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының орта кезінен А.С. Пушкиннің өз елінің тарихына, оның Б. Годунов, Бірінші Петр, Е.Пугачев секілді тұлғалары өміріне бой ұруы жай қызығушылықтан емес, оның адамзат өркениетіндегі орнын анықтауға тырысушы­лықтан туындаған мұраты еді. Осыған байланысты Ресей империясының құрамына енген түрлі ұлыстар мен халықтарды танып-білу де ақын мұрасының бір арнасын құрайды.
Пушкиннің бұл бағыттағы ізденістеріне ХІХ ғасырдың өзімен бірге ала келген тарихи үдерістің тұтастығы туралы ой-пікір шешуші әсер етті. Осы кезеңде қалыптаса бастаған тарихилық принципі қоғам дамуын әлеуметтік прогрестің біртұтас тізбегі ретінде қарауды қажет деп таппайтын XVІІІ ғасырдың ағартушылық көзқарасынан өзгеше еді. Ағартушылық жүйеде тарихи оқиғалар бірімен-бірі қатар тұратын, бірақ олар бірінен бірі туындамайтын.