Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 40 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау


Мазмұны
Кіріспе 3
І - тарау. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері 4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары 4
1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі 9
1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер 14
ІІ – тарау. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау 16
2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау 16
2.2 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау 22
2.3 Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі 28
III-тарау. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары 31
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 31
3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру 34
Қорытынды 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40

Кіріспе

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетті. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс).
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

І - тарау. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері

1.1 Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары

Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; көрістерді өсірудің, шығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:

1.2 Қаржылық жоспарлаудың жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

1.3 Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

ІІ–тарау. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау

2.1 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау

Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесін басқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

2.2 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау

Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады.

III-тарау. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есебінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:

3.2 Қаржы секторын тұрақтандыру

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

Қорытынды

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.