Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 31 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы

Жоспар
Кіріспе 3
I-тарау. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы 4
1.1 Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этноаралық қатынастар 4
1.2 Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуындағы негізгі кезеңдері 12
II-тарау.Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мақсаты, міндеті және құрылымы 19
2.1 Саяси жүйенің маңызды бір белесіне айналған Ассамблеяның бағыты 19
2.2 Татулықтың талбесігінің міндеттері 26
2.3 Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары 33
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер 61

Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздігінің ең басты оң нәтижесі ретінде Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген ішкі саясат боп келеді. Бұл саясат – түп негізінде Қазақстан – осында тұрып жатқан мақсаттары, құндылықтары мен идеялары бір, ортақ тарихи тағдыры бар барлық адамдардың, түрлі ұлт, дін өкілдерінің Отаны деген барша қазақстандықтар қолдайтын және өте маңызды идея жатқан саясат. Ал көпұлтты, көп тілді қоғам - біздің мемлекетпен қорғауға алынатын біздің үлкен қазынамыз. Барлық этнос мүдделерінің келісім табуы, олардың өз тілдерін, мәдениетін , өз дәстүрін жасауға деген ұмтылыстары, диаспоралардың өз тарихи отандарымен байланыстары - бұның барлығы өткен онжылдықтың саяси практикасының бар бойында таралып жатқан ұлттық саясаттың маңызды бөліктері.

I-тарау. Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
1.1 Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этноаралық қатынастар
Қазақстан – республика тұрғындарының 1999 ж. санағы бойынша өзара достық пен ынтымақтастықта тұрып жатқан 130 ұлт өкілінің Отаны болған көп ұлтты ел. Бұған түрлі себептер бар, олар – тарихи, әлеуметтік және саяси себептер.
Тіпті осыдан бірнеше ғасырлар бұрын қазақ даласында өз еркімен көшіп келген тұрғындар пайда бола бастады. Бұнда бос жер іздеген Ресей шаруалары, Ресей империясының шекарасын қорғауға шақырылған қазақтар қоныстана бастады. ХІХ ғ. тыныштық пен қауіпсіз өмір іздеген ұйғырлар мен дүнгендердің біраз бөлігі Қытайдан қазіргі Қазақстан жерінің территориясына ауды. Орыс, украин, белорусс, поляк, болгар переселендерінің көпшілігі өздерінің жанұясымен, мал-мүлкімен қазақ даласына Столыпин реформасын іске асыру барысында көшіп келді [1].

1.2 Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуындағы негізгі кезеңдері
Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру идеясын 1992 жылы Республика Тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған І Қазақстан халықтары форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған болатын.
Тиянақты дайындық жұмыстарынан кейін 1995 жылдың 1 наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен ұлт саясатын жүргізу шеңберінің кеңейтілген құқықтық мәртебесінің жаңа институты – Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы пайда болды ( ҚХА) пайда болды. Ел президентінің қолдауымен пайда болған ұйым – Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы тәуелсіз мемлекеттің демократиялық институттарының жүйесіне сай келді де, ұлт саясатын жүргізудегі белсенді механизмдердің біріне айналды [11].
Ұлт саясаты дамуының жаңа мүмкіндіктері 2002 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Стратегиясын жарты мерзімдік кезеңге бекіту жөнінде» деп аталатын Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы Стратегиясын қабылдауымен ашылды. Ассамблея стратегиясы жақын перспективадағы этникаарлық қатынастар шегінде оның әрекетінің негізгі және жетекші бағытының жүйеленген жиынын көрсетеді.

II-тарау.Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мақсаты, міндеті және құрылымы
2.1 Саяси жүйенің маңызды бір белесіне айналған Ассамблеяның бағыты
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау және ұлттық саясат саласында мемлекет назарын талап ететiн негiзгi проблемалар: ежелгi қазақ жерiнде халықтардың, өркениеттердiң,мәдениет-тер мен алуан дiни сенiмдердiң бiр мемлекетте бейбiт қатар өмiр сүруiнiң бай да бiрегей тәжiрибесi жинақталған. Бұл тәжiрибе бiздiң бiрлiгiмiздiң түп-та-мырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседi [18].
Мемлекеттiк ауқымды әрi маңызды кез келген мәселенi шешу геосаяси даму перспективаларын алдын ала болжауды, мемлекеттiң тәуелсiз даму жолының мүддесiнде тарихи маңыздылық пен ғылыми негiздiлiктi ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етедi.

2.2 Татулықтың талбесігінің міндеттері
Қазақстан халықтары Ассамблеясының мiндеттерi: мемлекеттiк тiл мен қазақ халқының мәдениетiнiң өзектi рөлiн арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени бiртұтастық негiзiнде Қазақстан этностарын топтастыру жолымен қазақстандық сәйкестiктi қалыптастыру; ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиiмдi iс-қимылды қамтамасыз ету; Қазақстанда үйлесiмдi ұлтаралық қатынастарды қамтамасыз етуде этномәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру; ұлтаралық қатынастар саласындағы келеңсiз үрдiстердiң алдын алу және ықтимал қатерлердi жою жөнiндегi сақтандыру тетiктерiнiң жүйесiн қалыптастыру, этникалық факторды саясаттандыруға жол бермеу;

2.3 Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Қазақстан халықтарының Ассамблеясына мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. Қазақстан халықтарының Асамблеясының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Олар: Алиев Жұматай Алиұлы, Дьяченко Сергей Александрұлы. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады [36].

Қорытынды
«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Ел бірлігі мен ішкі саясат тұрақтылықты нығайтқаннан кейін біз алыс-жақын көршілерімізбен дәл осындай өзар тұрақтылық пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатып, мемлекеттік шекара мәселесін біржола және түпкілікті түрде шешілді. Бұл біздің әлем алдындағы беделімізді бұрынғыдан да биіктете түсті [81].
Дүниеде ең қымбат қазына бейбітшілік болса керек себебі, тыныштылық жоқ жерде ұшан-теңіз байлығыңыз да, әлемді ойындатқандан тиынға татымайды.
Жалпы қазақстан тек қана қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен ғана көзге түсіп отырған жоқ. Еліміз ұлттар татулығын сақтаудың жаңаша үлгісімен де әлем назарына ілікті. Мұндағы жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері күні бүгінге дейін ешқашан бір-біріне қабақ ашып көрген жоқ. Бәлкім кейбіреу Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың бастауын кеңестік интернационализм идеясын тіреуі жұмыстар жүргізіліп, дұрыс саясат ұсталып келеді. Бір ғана Қазақстан халықтары Ассам¬блеясын құрудың өзі біраз жайды аңғартады. Бұл барша ұлттардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтап, тіл мен дінін ұстануға мүмкіндік жасап отыр. [82]
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы- мәдени-ағартушылық,тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау және тәрибелік-қазақстандық, ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыратын негізгі ұйым. Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
Одақ құлағаннан кейін бұрынғы республикалардың барлығы ұлтаралық қақтығыстар шегінде қалды. Сол себепті 130 ұлт өкілі тұратын Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды екендігі әр кімге де түсінікті. Қазақстан бұдан өтіп, тұрақтылық пен халық бірлігін сақтап қала алды.
Бұл үкімет пен барша қоғамның бар күшін әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел басында туған әлеуметтік дағдарыс пен экономикалық құлдырауды жеңіп шығуға жол ашты.
Бүгінде Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері зор екендігіне, әлеуметтік проблемаларды шеше алатындығына, қоғам өмірін демократиялық принциптерге сай құра алатындығына біздің көзіміз әбден жетті. Үй жылу, зейнетақы мен еңбек ақыны уақытында төлеп отыру, жаңадан іске қосылған өндірістік өнеркәсіптер, нарықтағы молшылық, және жаңадан ашылып жатқан әлеуметтік нысандар, жұмыс орындары – бұлардың барлығы үйреншікті болған.
Мемлекеттің жеткен жетістіктерінің барлығы қоғам тұрақтылығы, өзара түсініспеншілік пен ұлтаралық келісім жағдайында жүзеге асырылды. Біра бұның өзіне де оңай қол жеткізбейміз ғой. Келісім мен бейбітшілікті сақтау орындаушы биліктің бірлесе жұмыс істеуі, қажырлы еңбегі, зор күш жұмсауы арқылы, олардың қоғамдық бірлестіктер, діни конфессиялармен өкілдерімен тығыз байланыста болуы арқасында мүмкін болды.
Бұл жерде Ел Президенті ұсынған ұйым Қазақстан Халықтары Ассамблеясының маңызы зор. Ассамблея құрамына Қазақстанда тұратын көптеген диаспоралардың, түрлі діни бірлестіктердің өкілдері кірген. Олармен үнемі жүргізіліп отыратын келіссөздер, ой бөлісулер, әр ұлт өкіліне өз тілін, мәдениетін жасауға берілген мүмкіншіліктер Қазақстан қоғамына тек қана оң ықпал жасады, ұлтаралық достық пен келісімге жағдай жасады.
Ұлт мәселелерін дұрыс шешу Қазақстанға халықаралық қауымдастықта лайықты орын алып, әлемдік өркениеттің жаңа көкжиегіне шығуға мүмкіндік туғызады.