Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау
Жоспар
1 Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау 3
1.1 Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу 3
1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі 7
1.3 Автокөлік құралдарын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері 13
Әдебиеттер 19
1 Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау
1.1 Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу
ҚР Азаматтық кодексінің 117 – бабына сәйкес бекітілген:
«Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен–теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі [1].
1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес бағалау мақсаты үшін құнның негізгі түрі нарықтық құн болып табылады [3]. Автокөлік құралдарын бағалауда, бағалау қызметі туралы заң талаптарына жауап беретін құнның негізгі түрлерінің аты мен анықтамалары төменде көрсетілген [11]:
Автокөлік құралының нарықтық құны – автокөлік құралының бәсеке жағдайында ашық нарықта өткізілуі мүмкін ықтимал баға, мұнда мәміле жақтары ойланып, шешім қабылдайды, барлық қажетті ақпарат ашық болады, ал мәміле бағасының көлеміне қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
1.3 Автокөлік құралдарын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері
Біздің қоғамда нарық қатынастарының дамуы тауар немесе мүлік құрамының құнына көзқарастың өзгеруіне алып келді. Оғанға дейін бұл құрамға байланысты баға белгілеудің әкімшілік механизміне қатысты ешқандай даулар тумаған. Тұтыну нарығының дамуы, оны нақты шығындарға сәйкестендіру мүлік құнын бағалаудың объективті критерийлерін іздеумен байланысты, және осы мүліктің тұрақты экономикалық айналымда болуы ғылыми білімнің арнайы бағытын іздеуді қажет етті. Оның актуалдығы сақтандыру қызметі нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселелерінің бірі – кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жолды - көліктік оқиға және т.б. нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту [7].