Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Эконмикалық теория

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Полный просмотр работы

Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты

Жоспар
Кіріспе 3
I АҚША НАРЫҒЫ 5
1.1 Ақша турулы түсінік 5
1.2. Қазақстанда ақшаға сұраныс және ерекшеліктері 7
II АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ 12
2.1 Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты 12
2.2 Несиелік операциялары. Ақша нырығындағы операциялар 14
2.3. Ақша - несие саясатының механизмі 17
III ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ 21
3.1 ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Банктік сектордың тұрақтылығы, жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесінің жүмыс істеуі коммерциялық банктердің жүмысына халықтың сенімін біртіндеп нығайтады, мұның өзі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына ықпал етеді.Өз кезегінде олардың ресурстық базасының өсуі, банктер арасындағы бәсекенің күшеюі және қайта қаржыландыру ставкаларының бірнеше мәрте төмендеуі экономиканы кредиттеуді кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде таза халықаралық резервтер ақша базасынан 2,3 есе асып түседі, мұның өзі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның үстіне Қазақстан алтын өндіретін ел болып табылады және алтын-валюта резервтерін ішкі тауар өндірушілерінен алтын сатып алу есебінен толықтыру мүмкіндігіне ие.

I АҚША НАРЫҒЫ

1.1 Ақша турулы түсінік

Акша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толык кұнды ақшалар және толық құнсыз акшалар.Толық кұнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауга кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы — бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп аталады.
«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген акшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «mоnео» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX — Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

1.2. Қазақстанда ақшаға сұраныс және ерекшеліктері

Ақша сұранысы: теория. Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабі
летіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам "ақша сұранысына" ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.

Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1 жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
монетарлық;
кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына тендеу арқылы түсіндіреді:

МV= РҮ

М — айналымдағы ақша көлемі;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р — баға деңгейі;
Ү - өнім шығару көлемі.

Сурет 1. Ақша сұранысы. а-трансакциялық, ә- жалдаптық, б- жалпы.

M d/i — сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы. Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 1-суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.

II АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

2.2 Несиелік операциялары. Ақша нырығындағы операциялар

Міндетті резервтер. Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс есетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

2.3. Ақша - несие саясатының механизмі

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат); 2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша-несие саясатының вариантын тандау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.

III ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

3.1 ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты

Қазақстан Ұлттың банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты — бұл айналыстагы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінін қызметін реттеуге бағытталган шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттың банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттың банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылың конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу ақылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы орреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік алдыңпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Қорытынды

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:
- ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталың
нарықта валютаны сату;
- өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттың банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
- басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
- Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже-Актілер жинағы,2002,18құжат.
2.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.
3."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
4.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
7.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред
8.Валюта түсінігі.-"Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
9.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
10.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
11."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
13. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
14. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
15. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
16. Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
17. Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
18. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
19. Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.
20. Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
21. Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.
22. Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.
23. ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.
24. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004.
25. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
26. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
27. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
28. Экономикалық теория. Әкімбеков
29. Банк ісі. Мамыров М.К.
30. Комерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б
31. Дробат Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
32. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
33. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
34. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
35. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
36. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
37. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
38. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург
-ЮНИТИ,2001.-492с.