Тейлериоз індетімен күресуі
Жоспар
Кіріспе 3
І. Әдебиетке шолу 5
1.1 Ірі кара тейлериозы 5
1.2 Паразитиформды кенелер 9
1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері 10
1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары 19
1.5 Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру 20
1.7 Ірі қара пироплазмозы 26
II. Зерттеу нысаны мен әдістері 31
2.1 Материалдар және зерттеу тәсілдері 31
III. Тіршілік қауіпсіздігі 33
3.1 Кіріспе 33
3.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау 35
3.3 Жұмыс барысындағы потенциалды қауіптер қатерлерін талдау 38
3.4 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру 39
3.5 Санитарлық-техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар 40
3.6 Технологиялық жабдықтардың техника қауіпсіздігі 40
3.7 Электр қауіпсіздігі 41
3.8 Өртке қарсы сақтық шаралары 41
3.9 Төтенше жағдайларда 42
IV. Қоршаған ортаны қорғау 44
4.1 Кіріспе 44
4.2 Есептеу бөлімі 47
V. Экономикалық бөлім 50
5.1 Оңтүстік Қазақстан обылысы бойынша мал ауруынан келетін шығындарды есептеу 50
5.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі 52
5.3 Ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу әдістемесі 53
VI. Бизнес-жоспар 57
6.1 Аннотация 57
6.2 Түйін 57
6.3 Кәсіпорынның сипаттамасы 60
6.4 Менеджмент 61
6.5 Өндірістік жоспар 63
6.6 Ұйымдастырушылық жоспар 63
6.7 Қаржылық жоспар 64
6.8 Жұмыстардың орындалу тізбесі 64
6.9 Жобаның тәуекелділігін (сезімталдығын) талдау 65
Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер 68
Түйін 69
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыққа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.
І. Әдебиетке шолу
1.1 Ірі кара тейлериозы
Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру.
Қоздырғышы. Theileria annulata малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроцидттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95% зақымдалады.
1.2 Паразитиформды кенелер
Parasitiformes тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ішінде мына тұқымдастарының мал дәрігерлігінде маңызы бар.
1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері
Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш Кильборн және Смит (1983) пікір айтып, ірі қара малдың пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтады. Мұның өзі буынаяқтылардың мал мен адамның инфекциялық және 1 протозоидтық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы маңызы жөнінде зерттеулерге әсерін тигізеді.
1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары
Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоктарында жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою.
Кенелермен олардың биотогында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді.
1.7 Ірі қара пироплазмозы
Ірі қара пироплазмозы – Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру. Ол қызба, қаназдық, сарғыштану мен гемоглобинурия белгілерімен қатар жүрек-тамыр, ас қорыту және жүйке жүйелері қызметінің бұзылуымен сипатталады.
II. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1 Материалдар және зерттеу тәсілдері
Морфологиялық және биологиялық қан көрсеткіштері гемоспоридиоз 25 бас және сау 25 бас ірі қара малдар тексеріледі. Ауырған малдардың жағдайлары ауыртпашылық күші жүріп қатерде болады.
Ауырған малдарды емдеу және алдында, өлерде және дәрі – дәрмек егілген жағдайда және сауыққанда да зерттеу жұмыстары тоқтатылған жоқ, әрине оларды тұрақты бір жерде ауырғаннан соң емдеп, толық клиникалық зерттеуден өтті және көрсеткіштерін зерттеп отырдық.
III. Тіршілік қауіпсіздігі
3.1 Кіріспе
Бүкіл жер бетінде, оның ішінде республикамызда да жыл өткен сайын адамның өмір сүру ортасының жағдайы қиындап, осы мәселелер күрделеніп келеді.
Апаттар көбейді, адамдар өміріне тікелей қауіп төндіретін қылмыстар азаймай отыр. Жер шарында, сол сияқты республикамызда да, экология нашарлады.Адамдардың жарақат алуы көбейіп келеді, жыл сайын жүздеген адамдар қаза болып, мыңдағыны жарақат алып, мүгедек болып жатыр.
Міне, осы қиын жағдайлардың салдарын адамзат өздері-ақ азайтуына болады. Ол үшін сақтық және өмір-тіршілік қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын күнделікті орындап отыру керек. Адам шығынының болып жататындығының бір себебі, олардың алған жарақатының аурлығы емес, дер кезінде және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете білмеуде де болып тұр.
3.3 Жұмыс барысындағы потенциалды қауіптер қатерлерін талдау
Шаруа қожалығындағы рационалды санитарлық-техникалық жағдайларды жасау - маңызды мәселе, еңбек ұжымдарының денсаулығы, қауіпсіз жағдайлар, еңбектің өнімділігі және жалпы өндіріске байланысты. Өндірістік бөлмелерге жұмыс орындармен зоналарға, (сонымен қатар микроклиматқа койылатын жалпы санитарлық-техникалық талаптар санитарлық нормалары мен ережелерде және өнеркәсіпті жобалаудағы санитарлық нормаларда көрсетілген. Қожалықтың орналасу алаңын халық орналасу орының дамуын негізгі жоспарынан таңдап алынды.
3.4 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру
Жобаланған ауылшаруашылық кәсіпорындарын, ғимараттар мен басқа құрылыстарды келешегі бар елді мекендердің өндірістік аймақтарына салу керек. Құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру, қажетті материалдар дайындаумен белгіленген жобалық шешімдерге толық келісімнің барлығына жобаға заказ беруші жауап береді.
Жерге қойылатын талап; Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай-ақ, Осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5м тереңдікте болғаны жөн.
3.5 Санитарлық-техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар
Өндірістік жұмыс орнындағы микроклимат өлшемдері технологиялық процестің жылу физикалық ерекшеліктеріне, жылу жағдайына, желдеткішке сонымен қатар жыл мезгілдеріне, климатқа байланысты.
3.6 Технологиялық жабдықтардың техника қауіпсіздігі
Технологиялық жабдықтарды бөлме іштеріне ұжымды орналастыру технологиялық процесстерді ұйымдастыруда, еңбектің өнімділігін көтеруде және оны қорғауда елеулі мәні бар. Жабдықтардың орналасуы жайлы және эксплуатацияға қауіпсіз болу керек.
3.9 Төтенше жағдайларда
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен,қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.Төтенше жағдайлар өз кезегінде екіге бөлінеді 1).Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Оларға мыналар жатады; жер сілкінісі,су тасқыны, өрт,сел ,қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл,су басу т.б.
IV. Қоршаған ортаны қорғау
4.1 Кіріспе
Қоршаған орта барлық. материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануар, дүниесі) ежелден бері қарай адамзат баласының бар барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Қоршаған ортаның барлық сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің не негізгі көзі.
V. Экономикалық бөлім
5.1 Оңтүстік Қазақстан обылысы бойынша мал ауруынан келетін шығындарды есептеу
Малдың өлімінен, мәжбүр союдан, жоюдан келген шығын келесі формуламен есептеледі:
5.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі
Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары келесі шығындардан құралады:
- ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысы;
- ветеринарлық құрал-жабдық, приборлардың және басқа ветеринарлық өндірістік қорлардың баланстық құнынан амортизациялық төлемдер;
- техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары;
- шығындалған ветеринарлық препараттардың, құралдардың, жанар-жағар майлардың құны;
- уақытша сою алаңдары, пастеризациялық қондырғылар, шлагбаум, сою өнімдерін, өлекселерді залалсыздандыру шығындары.
6.2 Түйін
Біздің республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Қазақстанда экономикалық реформалардың даму барысында көптеген шаруашылық иелері кәсіпкерлік ортаға ұмтылуда. Бұл процесс барлық салаларда өте терең дамуда.
6.3 Кәсіпорынның сипаттамасы
1. Соңғы 3 мерзімге негізгі қаржылық көрсеткіштерді көрсетіңіз (жыл, тоқсан, ай, декада, күн)
6.4 Менеджмент
1. Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет:
Қызметкерлердің аты – жөні: Идрисов М.Н. тағы басқалар, барлығы 6 адам
Жасы 20 – 30
Макен – жайы шығыс мөлтек ауданы
Телефон 2 67 67
Оның бизнестегі орны қазіргі уақытта және болашақта: Мал дәрігер
Жалақысы: қазір 41 000 болашақта 45 000
Жұмыс істеу тәжірибесі: 3 жыл
2. Басқарушылық персонал үшін жоспарланып отырған қосымша жағдайлар (жеңілдіктер, қосымша ақы, жолдамалар т.б.): қосымша ақы
3. Коллективті басқарудағы әлсіз топтар (мүмкін болатын және қазір бар және олармен қалай жұмыс істейсіз): Әлсіз топтар жоқ. Болатын әлсіз топтармен мамандығын арттыру саласында жұмыс істелінеді.
6.5 Өндірістік жоспар
1. Ғимарат. Сатып алынған ба, әлде жалға алынған ба? Жалға алынған
2. Тасымалдаушы көлік құралдары: жеке көлік
3. Жеткізіп берушілердің сипаттамасы және олардың несие шаттар: несие шарт жасалынды ол, Оңтүстік Батыс Мемлекеттік Ветеринарлық емхана.
4. Инвестициялық жоба өндіріс құрылымына кіретін жоспарланып отырған өндірістің құрылымы: инвестиция жоқ.
5. Технологиялық схемасы: Қызмет көрсету схемалар
6. Жұмысшылардың операцияларды орындаудағы еңбек сыйымдылығы еңбек ақысының тарифы: 41 000 – 60 000 дейік
6.6 Ұйымдастырушылық жоспар
1. Бөлімшелердің бір – бірімен байланысы: тапсырма және шарт жасасып байланысады.
2. Басқарушы топтың міндеттерін бөлу: 1. Банктермен жұмыс жүргізу. 2. Дәрі – дәрмектерге тапсырыс беру.
3. Басқарушы топ мүшелерінің толық мінездемесі, аты – жөні, кәсіпорынның жетістіктеріне қосқан үлесі біліктілігі, тәжірибесі, басқарушының еңбекақысын тағайындау: 41 000 – 60 000 аралығында.
Қорытынды
Оңтүстік Қазақстан облысында ірі қара малдарында тейлериоз ауруы өте жиі жылына екі рет жазып, біраз малдар шығынға ұшырайды. Тейлериоз ауруында қан көрсеткіштері тамшы ет қаптан бөлек лейкоциттер 3,2 мыңға дейін нормада 9,5 мың.
Эротроциттер -2,2 млн.ға нормада 5,92 млн гемоглобин – 29 норма 65ер. Сілітілі қор 22 % норма 463, хлор – 298 бойынша қанттың көтеріледі.
Бұл көрсеткіштер ауруды бәсеңдетіп жазылған соң нормаға жетіп, клиникалық аурулардың себептеріне, белгілеріне тура келе бермейді. Қанның морфологиялық, биологиялық көрсеткіштері тура келе бермейді.
Тейлериоз ауруының бірінші стадиясында қанның морфологиялық көрсеткіштері төмендейді.
Лейкоциттер – 3,9
Норма бойынша 7,0 млн гемоглобин 51 ед.норма бойынша 64 ед.
Қолданылған әдебиеттер
1. Абуладзе К.И Парзиталогия и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. – М., ВО Агропроиздат, 1990.
2. Ақаев А. Үй құстарының гельминтоз аурулары. – Алматы, Қайнар, 1981.
3. Боен С.Н. и др. Гельминты копытных животных.
4. Вибе П.П Авителлинозы домашних и диких жвачных животных, Алма – Ата, Кайнар. 1974.
5. Демидов Г.И. Дементьев И.С. мал гельминтоздарының анықтамалығы (аурудан анықтау, одан сақтандыру әдістері) – Алматы, Қайнао. 1979.
6. Ерболатов К.М. Мал гельминтоздары. – Алматы, Қайнао. 1971.
7. Карамендин Ө.С. Қойдың нематодирозы. Алматы, Қайнар, 197.
8. Қашағанов К.Е және т.б. Жылқы және түйе аурулары. Алматы. Қайнар. 1978.
9. Мухаметалин Қ. Малдың паразит аурулары. Алматы. Қайнар. 1973.
10. диков Г.И Сабаншие М.С., Сулейменов М.Ж. справочник по паразитом сельскохозяйственных животных. Алматы. 1994.