Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Аграрлық өндірісті жаңа сапалық деңгейге көтеру мәселелері

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отырған индустриялы - инновациялық даму экономиканың барлық жағын — техниканы, технологияны, ұйымдастыруды, шаруашылық механизмін, жұмыскерлерді, олардың біліктілігін және шаруашылық психологиясын жетілдіруді, яғни, басқаша айтқанда, экономиканы жаңа сапаға көтеруді талап етеді. Ал бұл ғылым мен техниканың жетістіктерін өндірісте пайдаланбайынша мүмкін емес.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құрал-жабдығы жер болғандықтан, техникалық прогрестің жетістіктерін енгізгенде, оның бағыттары жердің құнарлылығына, қоршаған ортаға қалай әсер етеді, соны алдымен ескеру қажет.
Ауыл шаруашылығындағы өндіріс өсімдіктер мен жануарларды пайдалануға байланысты. Мұнда өндіріс көбіне табиғи - биологиялық заңдармен реттеледі. Бір жағынан, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріс пен мал шаруашылығындағы табиғи циклдарға белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді, бірақ толығымен биологиялық процестерді өзгерту мүмкін емес. Екінші жағынан, биологиялық факторлар ғылыми-техникалық жаңалықтарға ерекше талаптар, оларды енгізуге белгілі бір шарттар қояды. Мысалы, техникалық жаңалықтар жануарлар мен ауыл шаруашылық дақылдарының әр алуан түрлерінің физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі ғылыми-техникалық прогресс оның барлық салаларының дамуын сапалы жетілдіруді білдіреді. Ол егіншілік пен мал шаруашылығын қазіргі заманғы техникамен жарақтандыруды, химия жетістіктерін пайдалануды, озат технологияларды енгізуді дақылдардың жаңа сорттары мен малдың жаңа тұқымдарын жасауды, мамандандыруды тереңдетуді, өндірісті шоғырландыруды арттыру мен оны ұйымдастырудың нысандарын жетілдіруді және тағы басқаларын қамтиды. Атап өтет.н жайт. ғылыми - техникалық прогрестің әр түрлі бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды біржақты реттеуге болмайды.

Ауыл шаруашылық өнімінің сапасын арттыру белгілі бір шығындардың жұмсалуын қажет етеді. Бірақ олар өнімнің сапасын сол күйінде қалдырып, өнім өндірісінің көлемін арттыру арқылы керекті нәтижеге жеткендегі жұмсалатын шығындардан елеулі аз болады. Бұл жерде үлкен үнем көлік шығындарын азайтудан, ауыл шаруашылық өнімін кайта өндеудегі үнемнен болады.
Өнімнің сапасын арттыру мәселесі егіншілікке де, мал шаруашылығына да қатысты, бірақ олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, астық шаруашылығында азық-түлік дақылының сапасын жақсартудың маңызы зор.