Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Инвестицияларды алу және бағалау


Жоспар
Кіріспе 3
I. Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі 5
1.1 Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері 5
1.2 Инвестицияларды бағалау әдістері 8
II. Инвестициялардың есебі 14
2.1 Қаржылық инвестициялар есебі 14
2.2 Туынды мекемелерге жасалатын инвестициялар есебі 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Еліміздің нарықтық экономиканың жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор.Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр.Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
• валюталық нарық;
• құнды қағаздар нарығы;
• несие-капиталы нарығы (ақша нарығы);
• асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвестицияларды алу және бағалау».Жұмыстың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу,бағалау әдістерін ашып көрсету және субъектілердің қаржы есептемелеріндегі инвестициялар туралы ақпаратты ашып көрсету тәртібін айқындау.менің курстық жұмысым мына мәселелерді қамтиды:

I. Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі

1.1 Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке,құрылысқа,ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай,сондай-ақ ақша қаражаты түрінде,яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын жиынтығын айтады.Инвестициялық қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерлік табыс немесе пайыз алу.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны,мүлікті және басқа да заттарды,яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,сол арқылы келешекте,яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып,елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.Осы айтылғандар мен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың;ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

1.2 Инвестицияларды бағалау әдістері

Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің № 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі» стандарты арқылы реттеледі.
Заңды тұлғалар басқа кәсіпорындардың пакет акциясын,қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін.Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар : не бақылаушы немесе субъектінің басқа да саясатын едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан көп немесе 50% және одан да көп дауыс құқы бар акциясы болса,онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.

II. Инвестициялардың есебі

2.1 Қаржылық инвестициялар есебі

Қаржылық инвестициялар есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2010 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі.Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестицияның түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүргізеді.
Қаржылық инвестицияларды сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады,ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығындар яғни брокерлік марапаттары,банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары,қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестицияларының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнмен,не сатып алу құнымен немесе құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді .
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе,онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді,мысалға,қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе,онда ол табыс болып табылады,ал керісінше өзгерсе,онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса,онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:

«IBS» ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған болатын,бірақ ол сатылмай қалды,сондықтан келесі жылдың басынан бастап,ұзақ мерзімді инвестицияларға өткізу туралы шешім қабылданды.
«Темір» ААҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын,бірақ кәсіпорында және инвестицияның саясатында өзгерістердің болуына байланысты.Оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді,бұндай шешім ақпанда қабылданған болатын.
«Цемент» ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың теңге дивиденд тиесілі болатын,бірақ сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.
«Цемент» ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның деңгейінде 150000 теңгеге дивиденд жарияланады.
Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдық құны бойынша,ал ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.
Енді біз осымен байланысты шоттар корреспонденциясын көрейік:

2.2 Туынды мекемелерге жасалатын инвестициялар есебі

Қазақстан Республикасында туынды мекеме ретінде саналады,егер оның дауыстық акциясының 20%-нан жоғары мөлшеріне өзге мекеме ие болса.
Мәңгі әсер бұл - инвестицияланған мекемелердің қаржылық және өзге саясатында қатысуға мүмкіндік.Егер инвестор инвестицияланған мекемелердің 20%-дық дауыстық акциясына ие болса,онда ивестор мәңгі әсерге ие болады.
Туынды мекемелерге жасалған инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады.Бірақ келесі жағдайларды шегергенде:

Қорытынды

Еліміздің нарықтық экономиканың жолымен дамуы барысында қаржылық инвестицияның маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады.
Қаржы инвестициясы–табыс табу (мәселен, пайыздар, роялти, дивиденттер және жол ақысы),инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен коммерциялық қатынастардың нәтижесінде) пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив.
Қаржы инвестициясы сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.Инвестицияның тиімділігі белсенді элементтің үлесі өскен кезде көтеріледі.