Қазіргі кездегі ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісін жетілдіру мүмкіндіктері
“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет” деп елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтанда, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп.
Педагогикалық әдебиеттерде айтылып жүргендей, оқытудың педагогикалық технологиясы дегеніміз - педагогикалық жүйенің практикада іске асырылатын жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың методикалық жүйесі (оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары) мен оған сәйкесті дидактикалық процестердің жиынтығы. Дәстүрлі оқытуда да мұғалім сабақ жоспарын құрып, методикалық жүйенің жобасын жасайды, алайда технологиялық негіздегі жобалауға қойылатын талаптар мүлдем басқаша.
Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Бүл мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың өз бетінше оқу - танымдық қызметін белсенділікке, жеке тұлға ретінде дамуға, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға, алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білуге, шығармашылыққа баулуға жетелейді [2]. Білім берудің мұндай түрі оқушыларға теориялық материал алуға көп септігін тигізеді, сонымен қатар, оқушылардың алдағы уақытта әр түрлі колледж, лицей немесе жоғарғы оқу орындарына оқуға дайындайды, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Сонымен қатар осы әдіс арқылы білім беру төмендегідей ерекшеліктермен айрықшаланады:
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану тиімділігі:
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол[3].