Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 41 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I-БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ - КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ 6
II БӨЛІМ. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету 18
2.1 Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру 18
2.2 Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу 22
2.3 Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу 26
2.4 Төлем карточкасымен есеп айырысу 28
III БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР 33
3.1 Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету 33
3.2 Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету 35
3.2 Касса және құндылықтарға тексеру 36
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес банк жүйесі қалыптасты. Бәсекелестік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу, салымдар көлемін кеңейту, клиентке қызмет көрсетудің материалдық-техникалық базасын кеңейту мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың табыс көздерін іздестіруде.

Жұмыстың зерттеу обьектісі- есеп айырысу-кассалық бөлімде клиентке қызмет көрсетудегі жүргізілетін операциялардың түрі, мәні мен мазмұны, орындалу тәртібіне негізделеді.
Жұмыстың бірінші бөлімінде клиентке қызмет көрсетудің басты аясы есеп-кассалық бөлімнің ұйымдық- құқықтық негізі мен жалпы түсінігі, клиентке қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына көңіл аударылады.
Екінші бөлімінде есеп айырысу-кассалық бөлімінде клиентке қолма қолсыз есеп айырысу формасында қызмет көрсетулермен таныс боласыздар, яғни клиенттерге банктік шот ашу, рәсімдеу, шот бойынша операция жүргізу,төлем тапсырысы, төлем талап тапсырысы және пластикалық карточкалар бойынша есеп айырысулармен таныс боласыздар.
Үшінші бөлімде клиентерге қызмет көрсетуде кассалық операцияның мәні, жалпы түсінігі, яғни нақты ақшаны қабылдау, нақты ақшаны беру және оның бухгалтерлік есепте бейнеленуі қарастырылады және есеп айырысу-кассалық бөлімде есеп айырысудың енгізілген жаңа нысандары қарастырылады.
Жұмысты орындау барысында негізгі әдістемелік реттеуші құрал ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II), Қазақстан Республикасының «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы 29. 06. 1998. №237-I (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 29. 03. 2000. №42-II), «Пруденциалды нормативтер туралы» ережелер 23. 05. 1997. №219 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 02. 06. 2000. №265), Ұлттық Банктің Қаулысы «екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының минималды мөлшері» 02. 06. 2001. №192, Ұлттық Банктің «Екінші деңгейлі банктерде және банк операциясының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелерде кассалық операцияны жүргізу» ережесі 03. 03. 2001. №58, оқулықтардан Банковское дело. Под ред. Сейткасымов Г.С. – Алматы «Қаржы-Қаражат», 1998, Қалғұлова Р. Ж. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп –Алматы, 2005.
Жұмыстың барысына байланысты төмендегі сұрақтар қарастырылады:
• Клиентке шот ашу, шот бойынша операциялар жүргізу;
• Құжаттарды формалды және мәні жағынан тексеру;
• Кассалық операциялардың есебі;
• Есеп айырысу операцияларының есебі;
• Есеп айырысу-кассалық операциялардың жаңа нысандары.

I-Бөлім. Есеп айырысу - кассалық қызметтің ұйымдық-құқықтық негізі
Екінші деңгейлі банктерде (бұдан әрі банктерде) клиенттерге қызмет көрсетулер есеп кассалық, салымдарды қабылдау, несие ұсыну және басқа да операциялар түрінде көрсетіледі. Банктер клиенттерге қызмет көрсету ауқымын кеңейту арқылы клиентура базасын кеңейтеді. Банктің сенімділігі мен өтімділігі оның қызметінің кірістілігін мінездейді. Банктің клиенттерге қызмет көрсетулері Ұлттық Банк ережелеріне сәйкес орындалады. Заңда көрсетілетін түсініктемелер:
Банк- «ҚР банктер және банк қызметі» туралы заңға сәйкес банк қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банк құрылымын 1. кестеде көре аласыздар.

II Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсету
2.1 Есеп айырысу-кассалық бөлімде заңды және жеке тұлғаларға шот ашу және шотты жабуды жүзеге асыру
Шаруашылық байланыстар банк қызметіндегі қажетті шарттардың бірі болып табылады. Банктің шаруашылық байланысы келісімдік қатынаспен белгіленеді. Есеп айыру қатынасы - сатып алушының мерезінде қызметті төлеуі және банк келісім міндеттемені орындағаннан кейін қарызын қайтаруы.
Ақшасыз есеп айырысу - банктің мекемелерде төлеушінің (ақша жіберуші) шотынан алушы шотына қаржыларды аудару негізінде жүргізілетін есеп айырысулар.
Ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру процесінде шаруашылық келісімдерді орындау бойынша, жабдықтаушы мен сатып алушы арасында өзара бақылау жағдайын туғызатын қарым-қатынас пайда болды, ал банк қойылған есеп-айыру ережелердің орындалуын және есеп айыру операциялардың заңды түрде болуын бақылайды.
Ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру процессінде оларды ұйымдастыру принциптер маңызды рөл атқарады:

2.2 Төлем тапсырысымен алдын – ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айырысу
Төлем тапсырысы– ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкіге тапсырыста белгіленген соманы бенефициар шотына аудару туралы тапсырысы. Төлем тапсырысты ақша жіберуші жазады да, өзінің банкіне ұсынады (мерзімі 10 күн). Жазылған күннің уақыты көрсетілген тапсырыс, банкпен 10 календарлық күн ішінде қабылданады. Төлем тапсырыс бойынша төлемдер, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша жүзеге асырылады. Төлем тапсырыс көбіне алған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін жазылады (қосымша 4).
Тауарлы емес операцияларға жататындар:

Шоттың менеджері төлем тапсырысын келесі тәртіппен орналастырады:
А) 1-ші данасы төлеушінің банкіндегі күндік құжаттар ішінде қалады және келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

Дт-2203
Кт-1051, (2203)
Б) 2-ші, 3-ші данасы алушы банкіне жауапты өткізбе құру үшін және ақшаны алушы шотына енгізу үшін жіберіледі:
Дт-1051
Кт-2203
В) 4-ші данасы банк белгісімен бірге клиентке қайтарылады.
Төлем тапсырысымен төлем жүргізгенде шот менджері барлық данаға уақытты, ал 2-ші және 4-ші данаға қол, штампты қояды. Егер төлем тапсырысы 2 данада ұсынылсы, онда 1-ші данасы төлеушінің банкінде күндік құжаттар ішінде қалады, екіншісі қайтарылады.

2.3 Төлем талап-тапсырысымен есеп айырысу
Төлем–талап тапсырысы - жабдықтаушының сатып алушыға көрсетілген қызмет немесе өнімнің бағасын келісім негізінде төлеу тапсырысы болып табылады. Бұл есеп айырысу формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр кезінде төлем-талап тапсырысы 2 данада өзінің банкіне инкассоға ұсынады (қосымша 5).
Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің аты, СТН, ИНК, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және бенефициар бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.

2.4 Төлем карточкасымен есеп айырысу
Пластикалық карточка - заңды және жеке тұлғалармен тауар және көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны алуға, шетел валютасымен айырбас операцияларды жүргізу үшін қолданылады.
Банкомат-қолма-қол ақша беруге арналған электронды-техникалық құрал.
Дебеттік карточка-өз иесіне карт-шотындағы ақша қалдығы шегінде есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізілетін операциялар –қолма-қол ақшаны алу;- тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлем (
Кредиттік карточка-карт-шоттағы ақша мөлшеріне қарамастан көп мөлшерде есеп айырысуды жүргізуге болады. Бұл карточка банктен белгілі мөлшерде ақшаны жалға алу шегінде лимит қойылады, яғни несие алу. Мұндай несие бойынша сый-ақы үлкен емес және пайыз нақты сомаға, несие қолдану мерзіміне есептелінеді.
Кредитті карточка бойынша мыналар жүзеге асырылады:

III БӨЛІМ. ЕСЕП АЙЫРЫСУ-КАССАЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ КЛИЕНТТЕРГЕ КАССАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР
3.1 Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету
Екінші деңгейлі банктің клиенттерге кассалық қызмет көрсетуі және нақты ақшаны орнықтыруы үшін есеп айырысу кассалық бөлімде кассалық операция бөлімшесі ашылған. Кассалық операция қызметі Ұлттық Банктің екінші денгейлі банк және банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелердегі кассалық операцияны жүргізу бойынша 2001 жыл үшінші наурыздағы № 58 ережесіне сәйкес орындалады. Заңда қолданылатын түсініктемелер - касса нақты ақша және басқа да құндылықтарды қабылдау және беруге арналған арнай бөлімше; кассалық операция, бұл қабылдау, қайта санау, айырбастау, нақты ақша беру және құндылықтарды сақтау операциялары.

3.2 Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету
Нақты ақшаны беру шығыс кассасы арқылы ақшалай чек және шығыс кассалық ордер (Қосымша 9) құжаттары бойынша жүргізіледі. Ақшалай чек – бұл қатаң есептегі құжат болып табылады, клиенттің өзінің шотынан ақша алуы үшін жазылады (Қосымша 10).

3.2 Касса және құндылықтарға тексеру
Ақша қаражаттары мен құндылықтарының сақталуын бақылау мақсатында банк мекемелерінде жоспарлы және кенеттен тексеру жүргізіледі. Банкнота мен монеталарды келесі жағдайларда тексереді: