Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдерін тарих сабағында оқыту әдістері


Жоспары
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
1 Кенесары туралы жалпы мәлімет 4
2 Ханның қателігі 13
Қортынды 15
Рецензия 20
Пайдаланылған материалдар 21

Кіріспе
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені - халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең - болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу - бүгініңе сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану - елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескел бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықты білгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.

2 Ханның қателігі
Біріншіден, одақтаса бірігейік деген саясатпн емес, менің билігімді мойындап, қазақ-қырғыз ортақ хан ретінде артымнан ересіңдер деген талаппен келді.
Екіншіден, қалың бұқараны өзіне қарсы қойып алды.
Кенесары қырғыздарымен шайқасының тағдыры, қырғыздың жеңісімен аяқталатыны белгілі болды. Себебі, біріншіден патша отрядының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырған. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би он екі мың әскерін шайқас болардан бұрын алып қашып кетеді. Осы сатқындығы үшін олар патша өкіметінен үлкен сыйлықтар алады. Үшіншіден, Қоқан бектері өз әскерін Орман манаптың қарамағына береді. Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қоқан, манап қолы үшеулеп Кенесарының қолын қоршауға алады. Осы кездері Хан Кененің оң қолы Наурызбай, жанған өрттей лапылдап:

Қортынды
Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.
Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырады. Алайда ол қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында көрнекті орын алады. Бұл-үш жүз қазақтарын патшалық отарлауға қарсы жұмылдырған, он тоғызыншы ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Бірақ Исатай-Махамбет батыста, Жанқожа Сыр бойында жеке дара жүрді. Егер, осылардың бәрі бір мезгілде Кене ханың жасыл туының астынан табылғанда, Қоңырқұлжа Қдайменди, Ахмет Жантөрин, Шынғыс сұлтанда өз бауырлары Кнесарыға қарсы майдан ашпағанда, тарих дөңгелегі басқаша айналар ма еді, қайтер еді. Әттең!

Рецензия
Тарих - ұлттың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі.
Қазақ - жайбарақат өмір кешіп, ешкімге көз алартпай, есігіне құлып салмай, келген жолаушы болса сусын, тамағын әзірлеген, кететін «Қонағын құдайындай күтетін» аңқылдан ақ көңіл халық.
Танымдық, имандылық, шешендік қасиеттеріміздің даралығы - ұлы бабаларымыздың аруағына сиыну, оларға ескерткіш орнатып, ас беру, зиялылары мен көсемдерін пір тұту, дуалы сөзді, ақын жазушыларымыз бен ғалымдарымызды құрметтеу, ата, әже, әйел, ананы бағалай білу, жас ұрпақты аталар салған сара жолмен тәрбиелеп, оқ білімді жетік игеру. Сондықтанда әрбір сабақты өткізу – үлкен, мақсатты еңбек пен шеберліктің жетілуінің жемісі.
Мұғалім алдына мынадай мақсаттар қойған:
1. Оқушыларға терең білім беру, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қалыптастыру.
2. Өз бетінше оқуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасауға үйретуі.
3. Өздігінен оқып отыруға, білім алуды үнемі толастатпауға, алған білімін практикада пайдалана білуге баулу, ойлауын дамыту.
4. Оқуға., білімге деген көзқарасын дамыту, жүйелі оқудың қажеттілігін ұғындыру.
5. Өз ұрпағының (шәкірттерінің) өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуіне ықпал ету.
6. Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге өзінің дінін, салтын сақтауға тәрбиелеу.
Мұғалім осы компоненттерді өз баяндамасында ашып көрсете алған, баяндаманы облыстық педагогикалық оқуға ұсынуға болады.
Нұрмахан Келеитов – тарих пәнінің мұғалімі, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, оқу ісінің меңгерушісі.