Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 90 стр.

Полный просмотр работы

Бағалы қағаздар және олардың түрлері

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 6
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 8
1.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы 8
1.2 Бағалы қағаздарды шығару механизмі 19
2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 32
2.1 Негізгі нарықтың түрлері мен оларды талдау 32
2.2 Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы 47
2.3 Қазақстан Республикасының қор биржасындағы бағалы қағаздар бойынша жүргізілетін операциялар түрлері және оларды талдау 60
3 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ІШКІ ҚАРЫЗ АЛУ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕ 79
Қорытынды 88
Қолданылған әдебиеттер тізімі 90

КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.

Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған.
Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы, құқылық нормативтер қарастырылған.
Екінші тарауда негізігі және туынды нарық мәні мен олардың қызметтері, операция жүргізу тәсілдері, яғни акция мен облигация бағалы қағаздарының есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының мақсаттары мен мәмілелер түрлерінің ерекшелігі мен брокер, дилерлердің келісім жасау шарттары мен олардың жұмысының қаржылық нәтижесі салыстырылып талдау жасалған.
Ал, үшінші тарауда ұзақ мерзімді ішкі қарыз алу стратегиясын дайындаудың әдістемелік проблемалары зерттеліп ұсынылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында статистикалық және бухгалтерлік кезеңді басылымдар қолданылды.
Дегенмен бағалы қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер енгізілгенімен білікті мамандар даярлау, бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуге болады, сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға басудың кепілі. Революцияға дейінгі Ресейде бағалы қағаздар, қор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған. Демек, өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы негіздей отырып осы дипломдық жұмысымды зерттеп орындадым.
Менің, жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу. Жоғарыда көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың себеп болды.
Бұл жұмысты жазу барысында тек қана қазақстандық авторлар оқулықтары ғана емес, сонымен қатар шетел әдебиеттер авторы қолданылды. Жалпы дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалды.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

1.2 Бағалы қағаздарды шығару механизмі

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорындарға, ұйымдарға салтан капиталдан түскен табыс иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шарты бойынша иемденушіге-заңды немесе жеке тұлғаларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздар (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) басқа Мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Негізгі нарықтың түрлері мен оларды талдау

Акция акионерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандағын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысаның білдіретін бағалы қағаз.
Акция кез кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белпгі біp дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер, деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталын қатынасады, ал өнеркәсптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бip тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.


2.2 Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы
Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық cауданың дамуы жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционер енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бip кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иeci болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, қатыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті кантрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.

2.3 Қазақстан Республикасының қор биржасындағы бағалы қағаздар бойынша жүргізілетін операциялар түрлері және оларды талдау

Қоp биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ipi банктер қожалық; етеді.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни эмиян деген мағынаны аңгартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни ХХ г. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операцялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өcyiн, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.

3 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ІШКІ ҚАРЫЗ АЛУ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қаржы министрлігі 1994 жылдан бергі бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсаты үшін бағалы қағаздар шығару арқылы ішкі қарыз алуды жүзеге асыруда. Елдің қаржы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының бірден басымдық жағдайы орын алды.
1997 жылға 3, 6, 12 айлық қазынашылық міндеттемелермен ұсыналған қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы толық қалыптастырылды. Алғашқы орта мерзімді бағалы қағаздар 1997 жылы шығарылды, ал 2000-2001 жалдары оларды жүйелі түрде шығару жолға қойылды (айналыс мерзімі 2 жылдан 7 жылға дейін). Сонымен қатар қысқа мерзімді қағаздар нарығының дамуы жалғасты: 9 айлық қағаздар шығарылды.
Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді қағаздар 1998 жылы үкіметтің Ұлттық Банк алдындағы барлық борышына қайта ресімделген МЕАКАМ арнайы он жылдық мемлекеттік облигациялармен ғана ұсынылған. Айналыс мерзімдері 10 және 20 жыл болатын ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды ойдағыдай айналысқа енгізу мүмкіндігіне арналған қолайлы жағдайдың қажеттілік кезі келді және қалыптасты. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы құралдарыныңң ауқымды спекторы инвесторлар үшін кірістіліктің сенімді нысанасын жасайды және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл үшінші тарауда проценттік ставкалардың құрылымын болжаудың әдістемелік мәселелері және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа енгізуді ескере отырып орта мерзімді ішкі мемлекеттік қарыз алу стратегиясын өзірлеу қаралады. Орта және ұзақ мерзімді қарыз алу стратегиясын әзірлеу міндетіне ағымдағы сәттегі кірістіліктің қисық сызығын талдау, проценттік ставкаларды болжау, эмиссияланатын қағаздардың түрін тандау, бюджет тапшылығын талдау, эмиссияның айлар бойынша кестесін құру және жоспарланған уақыт кезеңінің шығындарын есептеу кіреді.

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарың қалыптасу процесінің жүруімен сипаталатынына көз жеткізгеннен кейін және олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшiлік-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін eмeстігі анықталды.
Экономиканың кейінгі жасалған, жекешелендіру процесі бағалы қағаздар нарығының дамуына ат салысты, яғни мұнда кәсіпорынды мүліктік жауапкер шілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру құқығы қарастырылды. Сонымен қатар шаруашылықтың акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендеуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қ.Р. заңы «Бағалы қағаздар нарығы жөнінде» 5.03.1997 ж. тағайындалған //– 02.06.2003 ж.
2. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Ведение в фондовые операции. М, :Фис,
3. Фельдмана А.А Гос. Ценные бумаги. Учебное пособие (2-ое изд. –М, :Инфра – 1995ж.)
4. Фельдман А.А. Депозитные и сбнрнгательные сертификаты. Чековое обращение. Пособие. М:Инфра – М, 1995ж.
5. Шарипбаев А.А, Ануарбеков Е.А Справочник по ценным бумагам Р.К Алматы, РИК, 1995ж.
6. Аграхов М.М Учение о ценных бумагах. М: Финстат. Информ, 1993ж.
7. Под редакцией В.А. Галанова, А.И. Басова Биржовое дело, Учебник. М:1998ж.
8. Б.А. Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. Алматы. 1999ж.
9. Аль-Пари // №1(79) 2004 ж.
17. ҚР Президентінің жарлығы «БҚ шығаруы мен Қор биржасы жөнінде» 1995ж.
18. Бағалы қағаздар жөнінде жарлық, 1994 ж.
19. Депозиттік сертификат жөнінде жарлық, 1992 ж.
20. ҚР Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын шығарылуын тіркеу мен оларды қайтару тәртібі.
21. ҚР Президентінің «БҚ нарығы жөнінде» 1995ж.
22. ҚР Президентінің «Акционерлік қоғамдар жөнінде» заңы 1995 ж.
23. Кәсіпкерлік қызметті бағалы қағаздар нарығында лицензиялау тәртібі.
25. Б.А. Көшенова. «Бағалы қағаздар нарығы».Алматы 2000ж.
26. Шалғынбаев А.Р. «РЦБ и фондовый рынок в Казахстане» Алматы - 2000ж.
27. Бердникова Т.Б. «РЦБ и биржовое дело» Москва -2002 ж.
28. Чернецкая Г.A. «Практикум по рынку ценных бумаг» Москва – 2002ж.
29. Масленников В.В. «Биржовое дело» Москва, 2000ж.
30. Агратов А., «Учение о ценных бумагах» М.: Наука, 1994 ж.
31. Алехин Б.И. «Рынок ценных бумаг: введение в фондовые операции» М.: Финансы и статистика, 1991 ж.
32. Балабанов В. «Основы финансового менеджмента» - М.: Финансы и статистика, 1994 ж.
33. Блозецева Г., «Руководство по биржевому делу» - М.:Финансы и статистика, 1990 ж.
34. Мусатов П., «Фондовая биржа» М.: Финансы и статистика, 1990 ж.
35. ЯГончаренко Л.И., «Ценные бумаги: учет и налогоблажение», 1992ж.
36. Л.Энджел, Б.Бойд «как покупать акции» - М.: Дело, 1992 ж.
37. Алесеев Ю.Ж., «Рынок ценных бумаг», М.: Финансы и статистика, 1990 ж.
38. Миркин Я.Ж. «Ценные бумаги и фондовый рынок» М.: Перспектива, с532
39. Красавина Л.Н. «Денежное обращение и кредит при капитализме - М.: Финансы и статистика, 1989 ж.
40. Личагин М.В., Фондовая биржа: Как считать биржевые журналы // ЭКО, 1991 г. 36 ю
41. Васильева А., Биржевая спекуляция, СПБ, 1992г.
42. Роде Э., Биржи. Валюты современного капитализма, М.: Финансы и статистика, 1986 г.
43. Кирилов КВ., Операции на бирже. М.: Прогресс, 1993г.
44. Рынок ценных бумаг// Международный информационно-аналитический журнал.
45. Умбетов А., Оценка акций банков // Азия –ЭЖ, 1995 №15.
46. Рубин Ю.Б. Коллективное инвестирование в ценные бумаги ., М.: 1992г.
47. Кабицин А., Некоторые особенности современного рынка биржевых валютных опционов// Рынок ценных бумаг, 1995ж. №17.
48. Тенденции развития рынка акций высокотехнологических компаний // Деловой мир, 1996 г., 7 ақпан.
49. Инвестиционно-финансовый портфель / под.ред. Н.Н.Петракова, Москва, 1993 ж.