Ұлт және ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары
Адамзат қоғамы ғылыми - техникалық прогресс керемет дамыған XXI ғасырға қадам басты. Біздің еліміз де білім берудің жаңа әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алды. Білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды. Педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының сегізінші бабында: «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық - коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Қазақ тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялық әдістерді барынша қолдануға тырысады. Қазақ тілін оқытуда әлемге кең таралған әдістердің бірі - коммуникативтік әдіс - тәсілдер пайдаланыла бастады.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Оқушы енді тек дайын білімді қабылдаушы, есте сақтаушы емес, өз бетінше ізденуші, жеке тұлға, тапқан білімін өмірде қолданушы.
Мұғалімнің міндеті - оқушы білімін түрлі әдіс - тәсілдер қолдану, шебер ұйымдастыру барысында төменгі ойлау қабілетін жоғарғы ойлау деңгейіне жеткізу. Яғни, адамдар бір - бірімен тығыз қарым - қатынас құрып, рухани, мәдени байланыс орнатып, күнделікті өмір тіршілігінен хабардар болады, қоғамдағы өз орнын тауып, өз бағыт - бағдарын анықтайды.
Сипаттап ететін болсақ:
2. Деңгейлік саралау технологиясы - саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық - психологиялық ұйымдастыру және басқару шаралары біріктіріледі.
3. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен модельдерін қарастырады:
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулық, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі - баланың қабілеті мен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) ОҮӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҮӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір - біріне лезде кідіріссіз жеткізу; оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруда интерактивті әдістің алатын орны аса зор. «Интерактивті әдістер» - оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер немесе оқушылардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын әдістер деп түсінеміз.
Жоғарыңа айтылған ой - пікірлерді тұжырымдай келе, коммуникативтік әдіс - тәсілдерді қолдану негізінде мектепте өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрете оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.