Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экономикалық өсу.


Мазмұны
1 Экономикалық өсу 3
1.1 Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің факторлары 5
1.2 Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері 11
1.2.1 Ғылыми-техникалық прогресс 11
1.3 Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу концепциялары 13
1.4 Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар 17
1.5 Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері 21
Әдебиеттер 25

1 Экономикалық өсу
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отан-дық жекеменшік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық эконо-микаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта көсіп-орындарында ЖIӨ-дің (жалпы ішкі өнім) 40-50% өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясат-тың келесі он негізгі қағидаларын сақтау қажет.

1.1 Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің факторлары
Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өн-діргіш күштердің үзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің үзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда таддаудың предметі өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып та-былады. Ал осы өсу, тепе-тендіктің бір үзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар аударылады. Накты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу предметі тек эко-номикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институцио-налдык кұрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық көле-мінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық ка-жеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық қажеттік-терді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлы-ғы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдык қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игерген-нен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыкқа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу кабілетіне және оның тиім-ділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық потенциалдың мүмкін карқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің, өсу шапшаңдығына тең болуы кажет.

1.2 Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері
1.2.1 Ғылыми-техникалық прогресс
Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады: экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игілікгер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құрал-дарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.

1.3 Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу концепциялары
Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шарттарын анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі тепетең алғашқы болмысы мен жаңасын салыстырумен айналысқан болса, тепе-теңдік өсудін үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті қамтамасыз етудің шартгарын анықтау болып табылады. Бұлар тренд траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен козғалып отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудьң тепе-тендік траекторияларын тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан эконо-мика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтіп осы тепе-теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-тендік траекториясы тұрақты боладьг. Егер бір траектория-мен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-тендік болмысы бұзылады да экономика өз күшімен (өңдірушілер мен тұтынушылардың өзара әсерлерінін негізінде) ешқашан тепе-тендік траекторияға қайтып оралмайды, ол одан алыстай береді.

1.4 Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар
Формациялық теория. Бүл теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К.Маркс және онын ізбасарлары. Осы тсорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынаста-ры бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өңдіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады. Өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарыньң, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, үлтгық, отбасылық және басқа да коғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі (негізі) болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.
Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық-экономика-лық формацияны кұрады. Осылардың К.Маркс бесеуін бөліп атайды:

1.5 Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
XX ғ. соңы қоғамдық даму жолдары туралы қалыптасқан көзқарастарға күшті ой салдырды. Өндіріс масштабының өсуінің сандық көрсеткіштерін бағалауға негізделген экономикалық өсу концепциясының маңызы төмендеп отыр. Өңдірістік іс-әрекеттердін табиғи ортаға әсерінің шектеулі болғанының нәтижесінде табиғи ресурстар шексіз болып есептелген жағдайда аталған концеп-ция өзін ақтаған болатын. Бүгін көп елдер өсу концепциясына кең деңгейде қарау қажеттігін талап етеді: экономикалық іс-әрекеттерді қоғамдық даму-дың құрамды бөлігі деп қарау қажет екенін тілейді. Осыған байланысты табиғи ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны корғау мәселелері, әскери потенциалды көбейтпей кауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажеттігі, табыстарды бөлудегі теңсіздікті жою, рухани байлыктарды сақтау, еңбектің творчестволық сипатын дамыту және экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасын құратын басқа да жағдайлардың маңызы анағұрлым жоғарылап отыр.