Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жоспары
Кіріспе 3
1 Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау 5
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық 9
1.2 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі 11
2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру 15
2.1 Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 19
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Қазіргі кезеңде жұқпалы ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін мәселелердің бірі. Оны айналып өту мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің курстық жұмысты жазудағы ең басты мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады.
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағалылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.
1 Халық денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық - эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы соңғы онжылдықта оң үрдістермен де, сол сияқты теріс үрдістермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негізгі медициналық көрсеткіштерді – тууды, өлім-жітімді, өмір сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткізілді. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендеді. Денсаулық сақтау саласында бірқатар реформалар жүргізілді, олардың бір бөлігі табысты іске асырылды, басқалары өзінің қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге әрекеттенуді жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтік құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулі ұлғаюын оң өзгерістер ретінде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазіргі заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеулер жүргізуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызды.
1.1 Медициналық-демографиялық ахуал және науқастанушылық
Қазақстанда соңғы жылдары белгілі бір медициналық-демографиялық өзгерістер болды. Республикада халықтың саны 2003 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өсті және 2004 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.
2003 жылы бала туу көрсеткіші халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті. Республикада бала туудың өсу үрдісі 1999 жылдан бастап байқалып отыр.
1.2 Денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі
2002-2004 жылдар ішінде жүргізілген мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін ажырату шеңберінде маңызды шешімдер қабылданды.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалған мемлекеттік шығыстар көлемінің, медициналық білім беруді қоса алғанда, өсу қарқынының елеулі болуына қарамастан, абсолютті есептеумен ғана ұлғайып қойған жоқ (2001 жылы – 63,9 млрд. теңге, 2002 жылы – 73,0 млрд. теңге, 2003 жылы – 92,4 млрд. теңге, 2004 жылы – 133,7 млрд. теңге), сондай-ақ мұның өзі ІЖӨ-ге қатысты шаққанда проценттер жағынан да маңызды (2001 жылы – 1,97%, 2002 жылы – 1,93%, 2003 жылы – 2, 08%, 2004 жылы – 2,63%). Бұл ретте ІЖӨ-ге қатысты шаққандағы ең төменгі процент 2002 жылы – 1,93% болды. ДДҰ-ның ұсынысы бойынша денсаулық сақтауға жұмсалған мемлекеттік шығыстар ІЖӨ-нің кемінде 4%-і болуға тиіс.
Жан басына шаққандағы шығыстардың соңғы жылдардағы серпінінде белгілі бір өсім бар (2001 жылы – 4308 теңге (29 USD), 2002 жылы – 4911 теңге (32 USD), 2003 жылы – 6201 теңге (41 USD), 2004 жылы – 8797 теңге (63,6 USD).
2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жұқпалы аурулар және олардың кейбір түрлері.
Халықтың әлеуметтік жағынан елеулі аурулары қашанда мемлекеттің жіті назарында болуға тиіс.
Халық өмірінің сапасы мен ұзақтығын көтеру мақсатында әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың алдын алу, ерте бастан анықтау және тиімді емдеу, оңалту шараларын іске асыру жүргізілетін болады. Осы бағытта:
2.1 Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты
Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс үстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады.
Статистикалық ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан түрады: тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:
Қорытынды
Сонымен, жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қорыта айтатын болсақ, біз статистикалық агенттіктің мәліметтерін пайдалана отырып, және HTML тілінің көмегімен сайтты пайланушыларға, яғни жұқпалы аурумен ауыратын және осы аурудан арылғысы келетін барлық пайдаланушыларға азда болса мәлімет береді деген үміттеміз. Және де осы курстық жұмысты іздеу барысында әртүрлі мәлімметтерді оқып танымдылығымызды арттырдық. Сонымен қатар ҚР Президентінің жолдаулары мен бағдарламалары көп көмек көрсетті. Соңына қарай біз денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін келтірдік. Өйткені қазіргі уақытта ақпараттандыру жүйесі өте қарқынды дамып келеді.Сонымен қатар, ол курстық жұмысты қорытындылайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Биярова А. Ө . « Ақпараттық жүйелер теориясы»
2. О. Камардинов « Информатика»
3. Оснавные показатели здравоохранения в республике Казахстан
4. Информационный бюллетень "ВИЧ инфекция 2000" сборник годовой - Алматы, РЦ СПИД, 2000.
5. Информационный сборник "ВИЧ инфекция" выпуск 1 -Алматы, РЦ СПИД, 2001