Қазақстанның батыс қақпасы (батыс Қазақстан тарихына шолу)
Орал облысы 1967-68 жылдары патшалық Россия үкіметінің Қазақстанды әкімшілік жүйесі басқару негізінде құрылды. Облыс құрамына Орал казак әскерінің жері, Орынбор қазақтарының жері және Маңғышлақ приставтығының территориясы енді. Облыс жері 29,6 млн. десятинадан тұрды. Облыс территориясындағы Жайық, Шаған, Елек, Рубежка сияқты өзендер алқабының шаруашылыққа қолайлы және ең құнарлы 6,4 млн. десятинадан тұратын жері казак әскерлерінің еншісінде болды. Қалған 23,2 млн. десятина жер мемлекет меншігі болып саналып қазақтарға қоғамдық пайдалануға берілді. Орал облысы Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Қазақтар аборигендер жоғарыдағы басқару жүйесі казак әскерінің қысымымен 130539 десятина құрайтын, шаруашылыққа қолайлы жайылымдық жерлерінен айырылды. Облыс территориясы қазақтардың көнеден келе жатқан ата қонысы болатын.
1884 жылдан бастап облыс территориясына орыс шаруалары қоныс аудара бастады. 1891 жылға дейін облысымызға Россияның орталық губернияларынан 2299 отбасы көшіп келді. Темір уезіне - 703, Ойыл бекінісіне - 237, Шыңғырлауға -158, Қобда өзені жағасына 25 және басқа территорияларға 916 отбасы келді. 1889 жылы Россия патшалығы орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандырудың тәртібі мен жайлары туралы заң шығарды. Осының нәтижесінде 1891-92 жылдары қоныс аударушы шаруалардың саны көбейіп, қазақ жерлерін тартып алу күшейе түседі. Осы кезде Жайыққа 30 мыңнан шаруа келіп қоныстанады.
Орал өңірі - бармағынан бат тамған күйші Дина Нүрпейісованың, халықтан шыққан тума талант, құдіретті композитор Құрманғазы Сағырбаевтың, майталман күйші, композитор Сейтектің, дүлей күйдің авторы, сазгер Дәулеткерейдің, семсер жырдың шебері, жалынды ақын Махамбеттің, сахнаның қас шебері атанған, театр шебері Қадиша Бөкееваның, сұлу сазды, асқақ әндерінің иесі, атақты Мұхиттың, қазақ әндерінің орындаушыларының ішінде өзіндік стилін қалыптастырған құдіретті әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің елі.
Россия империясының құрамында ұлттық - территориялық құрылымның өзіндік ерекше формасы ретінде Бөкей хандығының құрылу процесі мен өмір сүруі де одан әрі зерттеуді талап етеді. Аймақтың тарихы да, сондай-ақ Алаштың Батыс бөлімшесінің қозғалысымен де тығыз байланысты. Батыс Қазақстанда ұжымдастыру тұжырымдамасы да қайта қарауды қажет етеді.