Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жеке дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері


Жоспар
1 Жеке дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері 3
1.1 Өндіріс және технология. Өндірістік функция. Изокванталар 3
1.2 Қысқа мерзімдегі өндіріс. Қайтарымның кемімелі заңы 12
1.3 Айнымалы фактордан тәуелді өнім қисығы. Ұзақ мерзімдегі өндірісті талдау 13
Әдебиеттер 17

1 Жеке дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері
1.1 Өндіріс және технология. Өндірістік функция. Изокванталар
Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс факторлары (экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде:

Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:

Мысалы, бір айда қолданған 400 машина сағатының шығыны мен 100 еңбек сағатының шығынын қолдану 38 дана өнім береді. Осы нұсқаны А деп белгілеуге болады. 38 дана өнімді өндіру үшін 200 машина сағатының шығыны мен 200 еңбек сағатының шығынын қолдануға да болады. Оны енді Ә нұсқасы деп белгілеуге болады. 100 машина сағатының шығыны мен 300 еңбек сағатының шығыны да 38 дана өнім көлемін бере алады. Оны біз Б нұсқасы деп белгілейміз. Осы өндіріс кестесіне сәйкес, оның ішінен бірдей өнім көлемін беретін әртүрлі өндіріс факторларының үйлесімділіктерін табуға болады.
Кесте 1 - Өндіріс факторларының үйлесімділіктері (өндіріс кестесі)

Осы кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, өндірістік функцияны график арқылы да көрсетуге болады. Яғни, өндірістік функцияның графиктік көрінісін изокванта қисығы сипаттайды (Сурет 1).
Изокванта (латын тілінен iso – тең және quant – көлем, яғни, тең көлемді өнімдер қисығы дегенді білдіреді) дегеніміз – бұл бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әртүрлі комбинацияларын көрсететін қисық. Бұл жерде тек екі факторлы өндірісті және өндірістік функцияны ғана қарастырамыз: Q = f (K, L). Төмендегі суретте 38 дана өнімнің изоквантасы берілген.

Сурет 3. Алмастырудың технологиялық шекті нормасы
Сонымен еңбектің шығыны 100 сағатқа өскен сайын, оны алмастыратын капитал шығынының азая беретінін байқауға болады. Бұл капиталды еңбекпен алмастырудың технологиялық шекті нормасының төмендейтіндігін көрсетеді:

1.2 Қысқа мерзімдегі өндіріс. Қайтарымның кемімелі заңы
Енді біз фирманың өндіріс туралы қысқа мерзімдегі шешімдерін қарастыратын болсақ, онда қысқа мерзімді кезеңде ең болмағанда бір өндіріс факторы тұрақты болады. Біз өз мысалымызда, капиталды (K) – тұрақты фактор, ал еңбекті (L) – айнымалы фактор деп болжаймыз. Бір фактор айнымалы (өзгермелі) болғанда төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:

1.3 Айнымалы фактордан тәуелді өнім қисығы. Ұзақ мерзімдегі өндірісті талдау
Кемімелі қайтарымдылық заңы (өндіріс факторлары шекті өнімділігінің төмендеу заңы) – бұл басқа ресурстың саны тұрақты болып, ал белгілі бір ресурсты пайдаланудың санын көбейткенде бұл жағдай белгілі бір кезеңнен бастап айнымалы фактордың шекті өнімінің (МPL) азаюына әкеледі.
Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың қызметінде пайдаланылатын факторлардың барлығы өзгермелі болып табылады. Сондықтанда, фирманың ұзақ мерзімдегі стратегиясы екі тұрғыдан қарастырылады:

Батыс экономистерінің айтуынша, қазіргі уақытта көптеген фирмалар өздерінің өндірістік қызметтерін жүзеге асыруда масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) тұрақты тиімділігін ұстап тұруды қалайды. Өйткені, экономиканың көптеген салаларында өндіріс ауқымының өспелі (оң) тиімділігінің болғаны аса маңызды болғанымен, ол уақыт өткеннен кейін кез келген жағдайға байланысты кемімелі (теріс) тиімділікке ауысуы мүмкін. Ал ол болса, аса ірі фирмалардың пайда болуына (бірақ, қажетті өндіріс технологиясы осындай фирмалардың пайда болуын ынталандырғанымен), оларды басқарудың және бақылаудың қиындығына байланысты орын алып отырады.
Өндіріс ауқымы өсуінен туындайтын әсерлерді анықтау үшін әртүрлі өндіріс салаларындағы кәсіпорындардың өндіріс үрдістерін статистикалық әдіспен зерттеу қажет. Статистикалық талдау өндіріс теориясының немесе өндіріс функциясының негізінде жүргізіледі. Көбінесе Кобба-Дуглас функциясы қолданылады:

Әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана. 2002 - 462 бет.
2. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет.
3. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999 - 280 бет.
4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж.. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. 2004 - 480 бет.
5. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория (Оқу әдістемелік кешен) Астана, 2004 - 248 бет.
6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы. 2004 - 144 бет.