Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мемлекеттік тілді меңгертудегі тіл дамыту жұмыстары


Тіл дамыту - барлық сабақта жүргізіліп отыратын процесс. Соның ішінде тіл сабағында алатын орны ерекше, өйткені студент сауатты жазып, сөйлемді дұрыс құра білудің негізін осы тіл сабағынан бастайды.
Тіл дамыту - сөйлей, жаза білу, ойды байланыстырып айту, сөйлем құрай білу, сөздік корды молайту, жеке дыбыс, сөз, сөз тіркестерін дұрыс айта білу мен тығыз байланысты. Осы айтылған мәселелер төңірегінде тіл дамыту жұмысы жүргізіледі.

Орыс аудиториясында қазақ тілі өзге тіл есебінде оқытылады. Сондықтан оның әдістері ана тілін оқытудан, әрине, өзгеше. Студенттерді бірте-бірте қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруге, үйренген сөздерін бұзбай, әсіресе кұрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, ауызекі сабақта меңгеріп алған сөздерін орынды қолданып, дұрыс сөйлем құрауға үйренеді.

Оқулықтағы материалдар оқушылардың іс-әрекеттерімен ұштасып, жаңа сөз, сөйлем үйретуде үлкен жәрдемін тигізеді. Сондай-ақ жыл мезгілдеріне байланысты тіркестерді өткенде оны ез ана тілдеріндегі білімімен, күнделікті өз байқауларымен, өздерінің жылдың қай мезгілін ұнататынымен байланыстыра үйреткен (ауызша, жазбаша) сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
Қазақ тілі сабағының барлық кезеңінде мұғалім тіл дамыту жұмысын оқушылардың ойлау қабілетімен ұштастырып жүргізіп отырады. (текст, грамматика, суретпен, сөздікпен жұмыс т.б.).
Сонымен тіл дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар:

Оқушыларға қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды үйретуде мұндай тәсілдердің ұтымды жақтары: біріншіден, оқушылар сұраққа жауап беріп, сөйлеп үйренеді; екіншіден, олардың сөздік қоры молаяды; үшіншіден, фонетикалық талдау жүргізу арқылы қазақ тілінің грамматикасынан алғашқы түсінік алады, төртіншіден, қысқа сөйлемдер құрып тілдері ширайды.