Алтын нарығы
Жоспар
1 Алтын өндірудің маңызы
2 Асыл металдың қасиеттері, құндылығы
3 Алтын нарығының ерекшеліктері
Әдебиеттер
Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.
Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.
Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.
Алтын нарқының әрекет ету ерекшеліктері мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық тұрпаттағы алтын құймасы 400 троя өлшемінде болады. Сатылатын алтынның салмақтық өлшемі унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық унция қолданылуда. Оның өлшемді салмағы 31,101 грамм. Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын. Ал 1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.
Әдебиеттер
1.Алмазова О. Д. Золото и валюта :прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998.
2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001.