Әкімшілік жаза
Жоспар
1 Әкімшілік жазалау түрлері 3
2 Әкімшілік құқық бұзушылық 10
Пайдаланылған әдебиеттер 14
1 Әкімшілік жазалау түрлері
Әкімшілік жазалау ұғымы
Әкімшілік жаза — әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалаудың мақсаттары:
> әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
> құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру — әкімшілік құқык бұзушылық жасаған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты судъя шешімі арқылы қолданылады.
Әкімшілік жазаны орындау тәртібі
Әкімшілік құқык бұзушылық үшін жаза әкімшілік құқык бұзушылык туралы заңнамалардың қатаң сақталуы негізінде жүзеге асады.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құкық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі.
Әкімшілік жазаны тағайындау (осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқык бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды.
Әкімшілік жаза азаматқа мынадай түрде тағайындалуы мүмкін:
> әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан (кем емес) кешіктірмей;
> қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқык бұзушылық жасалған күннен бастап алты айдан (кем емес) кешіктірмей;
Әкімшілік жазаларды тағайындау құқығы уәкілді органдар мен лауазымды тұлғалардың бірталайына берілген.
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.
Әкімшілік жауапкершілік мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасьшдағы негізгі нормативті құқықтық акт болып 2001 жылдың 30 қаңтарында кабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс табылады. Кодекс екі бөлімнен тұрады — Жалпы және Ерекше. Кодекстің Жалпы бөлімінде әкімшілік жауапкершілік институтының негізгі ережелері, ал Ерекше бөлімде — жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың топтастырылуы, оны жасағаны үшін жазасымен бірге көрсетілген.
Әкімшілік жауапкершіліклік белгілері
>қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады;
>мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен;
2 Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік терісқылық) табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық — жеке және заңды тұлғаның әкімшілік-құқықтық норманы бұзатын және әкімшілік жауапкершілікті тудыратын құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
> құқыққа қарсылық, яғни қалыптасқан әкімшілік-құқықтық норманы бұзады;
Объективті жақты анықтағанда құқық бұзушылықты жасау амалы, сипаты (қайталанбалылык, созылмалылық), орны (қоғамдық орын, әуе құрамы, шекара шебі) және уакыты (түнгі), зиян мөлшері, құқық бұзушылықты жасауда қолданылған құрал-жабдықтар (көлік құралы, спирттік ішімдіктер, есірткі заттар, оқ дәрі, қару-жарақ) мәні өте зор.
Субъекті болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:
1) 16 жаска толған, есі дұрыс жеке тұлға;
2) заңды тұлғалар, яғни мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3.Құнқожаев «Құқық негіздері»