Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Полный просмотр работы

Жер

Жоспар
Кіріспе 3
1 Әдебиетті шолу 7
2 Объектінің сипаттамасы 35
2.1 Жалпы мәліметтер 35
2.2 Табиғи жағдайы 35
2.2.1 Климат 35
2.2.2 Жер бедері 36
2.2.3 Топырақ жамылғысы 38
2.2.4 Өсімдік жамылғысы 41
2.2.5 Гидрография және гидрология 43
2.2.6 Гидрогеологиялық жағдай 44

Кіріспе
Жер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық және т.б. саладағы барлық қоғамдық процестердің базисі ретінде құнға ие болады. Осы құнды объективті бағалау көп салалы экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен дамуының негізгі шарты болып табылады.
Әлемнің көптеген елдерінде жер құны мемлекет және жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылар арасындағы жер қатынастарын реттеудің негізгі механизмі болып айқындалады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы дұрыс ақпарат алу үшін жер бағалаудың әдістері мен тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі туып отыр.
Республиканың барлық аумағындағы жер учаскелерін бағалауда бірыңғай көзқарас пен оның нәтижесін салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық алқаптардың кадастрлық құнын анықтау үшін төлемнің базалық ставкасын (нормативтік бағасын) жасақтау және оны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіту қажет.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге төленетін төлемдердің қазіргі кездегі базалық ставкалары мен жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 қаулысымен бекітілген.
Төлемдердің базалақ ставкаларын тәжірибеде қолдануды талдау барысында келесі себептерге байланысты ауыл шаруашылық алқаптарды бағалау нормативтерін анықтаудың әдістемесін өзгерту қажеттілігі анықталды:
- есептеулерде барлық топырақ типтері үшін, соның ішінде аз өнімді типтеріне ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу рентабельділігінің бірыңғай 30 % құрайтын нормативтік деңгейі пайдаланылған;
- жер реформасының алғашқы жылдарында қолданылған және де ішкі нарықтағы сату бағасынан әлдеқайда артық болған ауыл шаруашылық өнімнің әлемдік бағалары пайдаланылған;
- ренталық табыс емес, өндірістік шығындарға тәуелсіз бекітілген рентабельділік көрсеткіші арқылы есептелген нормативті пайда алынған.
Жер – өндірістің ерекше құралы. Оны өндірістің басқа құралдарынан, мысалы машиналардан айыратын төрт ерекшелігі бар.
1) Жер – табиғат өнімі, ол адам еңбегімен жасалмаған. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген жер учаскелеріне, бірінші кезекте барлық халықтың тіршілік көзі – ауыл шаруашылық алқаптарына деген жеке меншік бірдей таралмаған. Тап осы ерекшелік кезінде жерді ұлттандыру идеясына негіз болған. Қазіргі кездің өзінде де ол мүмкін емес, адам сенгісіз болып көрінетін, бірақ теориялық жағынан дұрыс болатын ұсыныстарға негіз болып табылады. Мысалы «Қазақстанның Халықтық конгресі» партиясының көшбасшысы, атақты ақын және жазушы Олжас Сүлейменов «Жер туралы» заңды талқылау барысында Мәжіліске ҚР Конституциясының 6-бабындағы «Жер мемлекеттік меншік болып табылады» деген сөздерді «Жер халықтың меншігі болып табылады» деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның ойы бойынша елдің әрбір азаматына дүниеге келгенінен бастап жер мен оның қойнауынан алынған өнімнің әрбір тоннасын сатудан ақшалай квота белгіленуі қажет.
Жердің осы ерекшелігі әлі де жерге, әсіресе ауыл шруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншікті қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы дау-жанжал негізі болып отыр.
2) Жер – өндірістің мәңгі және ауыстырылмайтын құралы. Ол өз көлемі бойынша шектеулі және ұлғая алмайды, ал өндірістің кез келген өзге құралы қажетінше көп мөлшерде жасалуы мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды: егер кез келген машинаны ұқыпты пайдалану талап етіліп, оның уақытынан бұрын тозуына жол берілмесе, жерге ұқыптылықпен қарау тіптен дау туғызбайды. Бірақ, өкінішке орай, тәжірибе жүзінде бұл талап сақтала бермейді. Бұл табиғат байлығына немқұрайлы, кей кезде жауапсыздықпен қарау да орын алып отыр.
3) Орнының тұрақтылығы. Орны ауыстырылатын басқа өндіріс құралдарына қарағанда жер тұрған орнында пайдаланылады. Оған жұмыс күші, машиналар, тыңайтқыштар мен оны өңдеуге қажетті өзге де материалдар жеткізіледі. Жылжымайтын мүлік ретінде ол ғимараттар мен құрылыстарды салуға, екпелерді өсіруге, яғни онымен үзілмес байланыстағы өзге де өндіріс құралдарына қызмет етеді. Осы ерекшеліктен ауыл шаруашылық өндірісі үшін көліктің маңыздылығы шығады. Ол көлік тасымалының жоғары шығындарын тудыратын, үлкен қашықтықтарға созылатын жер кеңістігімен байланысты. Осы шығындар ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнының үлкен үлес салмағын құрайды. Осы себептен арақашықтықты сипаттайтын көрсеткіштер мен оған тәуелді көлік шығындары жерге орналастыру шешімдерін бағалауда кеңінен пайдаланылады. Осы ерекшеліктен шығатын тағы бір маңызды қорытынды: жылжымайтын мүлік ретінде жер өз ауыртпашылықтарымен, яғни онымен үзілмес байланыстағы ғимараттар, құрылыстар, екпелермен бірге нарықтық мәмілелер объектісі болып табылады.
4) Физикалық және моралдық тозуға ұшырайтын басқа өндіріс құралдарымен салыстырғанда жер, егер ол ғылыми ұсыныстарға сәйкес өңделетін болса, пайдалану барысында жақсаруы мүмкін. Барлық агрономиялық ғылым мен тәжірибе осыған негізделеді. Оған қоса, топырақ құнарлығын қалпына келтіру мен арттыруды қамтамасыз ете отырып жерді дұрыс өңдеу адамзаттың перспективті дамуының негізі болып табылады. Осы ерекшелікті мойындау Zwei Kindersistem (екі балалы отбасы) теориясы мен адамды жек көрушілік негізделген топырақ құнарлығының азаю заңдылығын теріске шығаруды білдіреді. Шын мәнінде осы «заңдылықты», яғни топырақ құнарлығын сақтаудың, оның ішінде өндірудің (арттырудың) мүмкін еместігін мойындасақ, адамзат құруы болмай қоймайды деген шешімге келуге болады. Себебі күндердің күнінде жер (топырақ) көбейіп бара жатқан адамзатты асырай алмай қалады. Халық санының өсуі мен құнарлықтың азаюы апат нүктесінде қиылысады. Бірақ та қазіргі кезде әлемде отбасылық өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолымен адмазаттың өркениетті дамуына бағытталған ғылыми бағыт басым болып келеді. Ол орын алып отырған бойкүйездікке салынған демографиялық теориялар және олардан шығатын өлімді көбейту арқылы, яғни соғыстарды, геноцид, апартеид және зорлық-зомбылықты ақтау жолымен халық санын азайту туралы ұсыныстарды қабылдамайды.
Жермен үзілмес байланыстағы, оның үстінде қозғлалатын өзге өндіріс құралдарын тиімді орналастыру жерді үйлестірумен, оның пайдалану технологиясы және ұйымдастырылумен тығыз байланысты. Осы мәселелерді кешенді шешу әдістемесі – көптеген қолданбалы ғылымдар пәні болып табылады. Жылжымайтын және жер үстімен қозғалатын (ауыл шаруашылық машиналар, тракторлар, көлік т.б.) өндіріс құралдары орналасқан жер учаскелерін қорғау мен ұтымды пайдалануын ұйымдастыру әдістемесін зерттейтін жерге орналастыру ғылымы аталған ғылымдармен тығыз байланысты.
Осы айтылғанның барлығынан жерге орналастырудың жалпы кешенін құрайтын инженерлік-техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық шаралардың күрделілігі туралы қорытынды шығаруға болады.

1 Әдебиетті шолу
Тарихи тұрғыдан жер кадастры материалдық игіліктердің басты көзі және салық салу объектісі ретіндегі жер туралы мәлімет алудың объективті қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Мемлекет пайда болғаннан кейін жер мемлекеттік табыс көзінің бірі және осыған байланысты арнайы салық салу объектісі болды. Сондықтан қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде біріншіден жерді есепке алу, сосын бағалау қажет болып, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туады.

Құнарлылық деңгейін анықтауда салыстырмалы құнарлылық ерекше мәнге ие болады. Оның сипаттамалары мен құрамының дәл өлшемдерінің жерді бағалау әдістемесінің негізгі мәселелерін шешуде, яғни жер-бағалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі жерлерді бағалаудың заты мен критерийлерін негіздеуде маңызы зор. Салыстырмалы құнарлылық сапасы әр түрлі жерлерге жұмсалған шығынның бірлігінен алынатын өнім санымен сипатталады. Осыдан шығатыны салыстырмалы құнарлылық потенциалды құнарлығы әр түрлі жерлерге жұмсалған бірдей шығындардың өнімділігімен (шығын бірлігінен алынатын өнім санымен) сипатталады.
Топырақ құнарлығының мәнісі мен көрініс табу формаларын түсіну топырақ бонитеті және экономикалық бағалаудың жер-бағалау жұмыстрында алатын орны мен мағынасын анықтауға мүмкіндік береді. Берілген негізгі топырақ құнарлығы түрлерінің сипаттамасынан көрініп тұрғандай жердің табиғи қасиеттері өндірістің экономикалық факторлары негізделетін алғашқы базис болып табылады. Демек, жер-бағалау жұмыстары жүйесінде жерді экономикалық бағалау оның алдындағы кезеңде топырақты сапалық бағалау (бонитеттеу) нәтижесіне негізделеді.

2 Объектінің сипаттамасы
2.1 Жалпы мәліметтер
«Раздольное» шаруа қожалығы бұрынғы Ленин атындағы колхоздың 1-бригадасы жерінде құрылған. Ленин атындағы колхоз Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының солтүстік бөлігінде (бұрынғы Орал облысының Приуральный ауданы) орналасқан. Қожалықтың жер пайдаланушылығы солтүстік-шығыста Карл Маркс атындағы колхоз жерлерімен, шығыста Құрманғазы атындағы колхоз жерімен, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте Мәншүк Мәметова атындағы колхоз жерімен, батыста Орынбор облысының жерлерімен шектеседі.

2.2 Табиғи жағдайы
2.2.1 Климат
Агроклиматтық аудандастыруға сәйкес қожалық аумағы температура суммасы 10°-2964 (1980-1986 жылдардағы Январцево метеостанциясының мәліметтеріне сәйкес) болатын 2-құрғақ жылы ауданға жатқызылған. Бұл облыстың ылғалмен көбірек қамтамасыз етілген ауданы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 275-356 мм. Жылдың жылы мезгілінде (+10°) ол 173 мм құрайды. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінде пайда болады және 120-130 күнге сақталады, оның қалыңдығы 25-30 см жетіп, қардағы ылғал қоры 75-95 мм болады. Өсімдіктердің қарқынды вегетациялық кезеңі 150-155 күн құрайды, аязсыз кезең 130-135 күнге созылады.

2.2.2 Жер бедері
Геоморфологиялық жағынан қожалық Сырт алды жазықтықтың шегінде, оның сырт облысына өту аймағында орналасқан.
Аумақ бетінің құрылымы бойынша жер пайдаланушылықты бір-бірінен ерекшеленетін төрт бөлікке бөлуге болады:

2.2.3 Топырақ жамылғысы
Үлкен көлемді топырақ зерттеуінің нәтижесінде қожалық аумағында көптеген топырақ түрлері анықталды: қою қызғылт, шалғын-қызғылт, жайылма-шалғынды топырақтар, бекітілген және әлсіз бекітілген құмдар. Су айрықтардың жазық жерлерінде механикалық құрамы әр түрлі (негізінен саздақ) болып келетін қою қызғылт орташа қуатты топырақтар түзілген. Су айрықтардың беткейлеріндегі эрозиялық процестер шайылған топырақтардың пайда болуына әкеліп соқты.

2.2.4 Өсімдік жамылғысы
Қожалық аумағыныңнегізгі бөлігіндегі бастапқы өсімдік жамылғысы жырту нәтижесінде күшті бұзылған. Табиғи өсімдік жамылғысы тек қана өзен аңғарында, сайлардың беткейлері мен табандарында, Раздольное кентінен батысқа және оңтүстік-батысқа қарай орналасқан жазықтықтарда сақталған.

2.2.6 Гидрогеологиялық жағдай
Қожалық аумағы Жалпы Сырттың оңтүстік беткейі шегінде орналасқан.
Аумақтың геологиялық құрылымына бөлшектенбеген төменгі және орташа төрттік кезеңге жататын аллювиальды сырттық түзілістер қатысады, олар саздақтар, құмдақтар және құмдар түрінде берілген.
Сырт қабатының қуаттылығы 15-20 м дейін жетеді. Бұл шөгінділерге тән ерекшелік бор дресвасының болуы және саздақ түзілістердің жоғары карбонаттылығы.
Құмдар мен құмдақтар саздақтар қабатында қуаттылығы 1-2 м болатын линзалар түрінде кездеседі.