Антика мәдениеті
«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік.
Грек мәдениетінің органикалық бөлігі саяси сипаттағы дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы бар, бірақ антропоморфизм бірінші орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы басқа халықтардың мәдениетіне үлкен әсер етті, ол ақындар мен суретшілердің шабыт көзі болып табылады.
Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).
Полисті идеология дағдарысы грек мүсінінің дамуына үлкен әсер етті. Б.з. дейінгі IV ғ. ең танымал мүсіншілер Пракситель, Скопас, Лисип болды. Праксительдің “Афродита Книдская”, “Гермес нәресте Диониспен” мүсіндері ең алдымен эстетикалық талаптарға жауап береді, олар талғампаз сұлулық пен көркемдік символы болып табылады. Скопастың шығармашылығы мүлдем бөлек (“Геракл”, “Вакханка”), олардың бейнелері динамикалы, ынтық, сұрапыл қарқынды, ол терең сезімдер мен драмалық жағдайларға көңіл аударады. Б.з. дейінгі V ғ. Поликлет жасаған адам бейнесінің канонын қайта қарап шығып, Лисипп адамдардың денесін жеңіл ұзартылған пропорциялармен жасады. Ол өмір шындығына келетін мүсіндер (“Апоксиомен”, “Геракл”, “Гермес”) мен мүсіндік портреттер (Сократтың, Александр Македонскийдің, Лисипп олардың сарай жанындағы суретшісі болды) жазды.
Рим өнері антика көркем мәдениетінің үлкен кезеңін аяқтайды. 395 ж. Рим империясы Батысқа және Шығысқа бөлінеді. IV-VII ғ.ғ. варварлар қиратқан, тонаған Рим босап қалды, оның құлаған орнында жаңа селолар пайда болды, бірақ рим өнерінің дәстүрлері жалғасын тапты. Ежелгі Римнің көркем бейнелері Қайта Өрлеу заманының шеберлерін шабыттандырды.