Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ 5
1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны 5
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі 12
1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі 14
1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар 17

2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ 21
2.1 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі 21
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау 29

3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 38

ҚОРЫТЫНДЫ 42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 44

КІРІСПЕ

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шетелдік инвестиция» туралы Қазақстан Республикасында арнайы заң қабылданды. Қазіргі кезде инвестицияның көлемі жыл сайын өсуде. Бұл Қазақстан Республикасы үшін экономикалық және саяси жағынан маңызды болып табылады.
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің басты механизмінің бірі – инвестициялық жобалаудың тиімділігі болып табылады. Инвестициялық жобалаудың тиімділігі кәсіпорын экономикасының тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құралады.

Инвестордың дұрыс шешім қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негізделеді және инвестицияларды жобалаудағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жобаларды түрлі критерийлер бойынша саралау кезінде қайшылықтар пайда болуы мүмкін, сондықтан өзара балама жобалармен жұмыс жасағанда да ұсыныстар әр түрлі болуы мүмкін.
Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде» деп аталады. Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның инвестициялық жобасын жан-жақты зерттеп, шағын ұсыныстар беру. Қойылған мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:
- инвестиция ұғымы, инвестициялық жобалаудың мәні туралы кешенді түсінік беру;
- жобалық талдау құралдарын зерттеуге, тиімді инвестициялық шешімдер қабылдау процесіне баса назар аудару;
- кәсіпорынның инвестициялық жобасының тиімділігін жан-жақты қарастыру;
- ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
- инвестициялық жобаның қажеттілігі мен іске асыру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдылықтары, жарлықтары мен бұйрықтары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, экономикалық монографиялар, оқулықтар, ҚР-ң статистикалық мәліметтері, мерзімді басымдылықтар құрайды. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ

1.1 Инвестицияның мәні мен мазмұны

Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) қосалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол оралынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, олар ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды, басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған. Ал, инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамауына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар мен инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісіне арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрекет жасайды. Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

1.3 Инвестициялық жоба түсінігі және оның жіктелуі

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінік бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу, т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартумен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

1.4 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес климатын талдау барсында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін баллмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

2 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

2.1 Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігі

Жалпы алғанда, тиімділік – кірістің шығындарға, ресурстарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.
Инвестициялық жобаның тиімділігі ғылыми-техникалық (ғылыми-техникалық нәтижелердің ҒЗТКЖ-ны орындауға кеткен шығындарға қатынасы), өндірістік (сатылған өнім көлемінің өндірісті дамытуға жұмсалған бір жолғы шығындарға қатынасы), әлеуметтік (әлеуметтік нәтижелердің әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруға кеткен шығындарға арақатынасы), экологиялық (қоршаған ортаны қорғау нәтижелерінің осы мақсатта жұмсалған капитал салымдарына қатынасы), экономикалық, коммерциялық және бюджеттік деп бірқатар түрлерге бөлінеді.
Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

2.3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Ал жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-экологтар және т.б. жатады.

3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес жаңадан кәсіпорындар ашу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. Былайша айтқанда, біз акционерлік капитал және басқа да қаржылық құралдар арқылы инвестиция тарта отырып, жұмыс істеп тұрған немесе жаңа өндірістік орындарды құрылымдауымыз керек. Бүгінгі жағдайда мемлекеттік органдарда қызмет істеу дұрыс өмір сүрудің тіпті де озық үлгісі емес.

ҚОРЫТЫНДЫ

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан да, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Осы міндетті шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Инвестициялық саясат негізделген болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбеков Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003
2. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2007
3. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001
4. Сейтказиева А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 1998
5. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы – Алматы: «Қазақ университеті», 2006
6. Оразалы Сәбден Бәсекелестік экономика: Оқу құралы – Алматы: Экономика институты, 2007