Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау бойынша сот талқысы
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Сот талқысының бөлімдері. Істі қарауды кейінге қалдыру. Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру. Істі шешім шығармай аяқтау. Сот мәжілісінің хаттамасы.
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Азаматтық іс жүргізудің үшінші сатысы - бұл сот талқысы. Бұл істі шешумен аяқталатын іс жүргізудің маңызды әрі негізгі кезеңі. Сот талқысы - іс жүргізудің негізгі сатысы, ол орталықтанған кезең болып табылады, өйткені дәл осы кезеңде сот оның алдында тұрған негізгі міндеттерді орындайды: істі негізі бойынша шешу; тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу; соттық қызметтің тәрбиелік әсерін қамтамасызету, заңды және жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен бұзылған құықтарын қалпына келтіру.
Сот қаулысын шығару және сот шешімін жариялау бөлімінде сот талқысы қорытындыланады. Бұндағы міндеттің маңыздылығы мен жауаптылығына байланысты істі дұрыс шешуге барлық жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да қаулы қабылдау үшін судья кеңесу бөлмесіне баруы тиіс.
Істі қарауды кейінге қалдыру- істі негізі бойынша қарауды сотпен тағайындалған уақытқа жаңа сот мәжілісіне ауыстыру. Сот талқысы істі қарауға кедергілердің болуына байланысты кейінге қалдырылады. АІЖК-нің 189-бабында сот талқысын кейінге қалдыру екі жағдайда мүмкін болады:
Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы тұлғаларға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды.
Істі шешім шығармай аяқтау. Ереже бойынша сот талқысы істің негізі бойынша шешім шығарумен аяқталады. Бірақ кейбір мән-жайлар бойынша сот бұл нормалардан бас тартып істі шешім шығарусыз аяқтайды. Азаматтық іс жүргізу құқығы іс бойынша сот өндірісін тоқтату және арызды қараусыз қалдыру процестерінің аяқталуының екі нысанын қарастырады. Аталған нысандар негіздері бойынша және оларды қолданудың процессуалдық салдарлары бойынша ажыратылады.
Сот мәжілісінің хаттамасы бойынша тараптардың түсініктемесінің мазмұнын, куәлардың түсініктемесін, сараптама қорытындысының мазмұнын анықтауға болады.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы,2005
2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде.
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.
4. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім. Ерекше бөлім. Оқу құралы/ Егембердиев, Е.О. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. – 102 б.
5. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.
6. Гражданский процесс/Под ред. Осипова М., 1995.
7. Гукасян Р.Е. Гражданский процесс. Учебник./Под.ред. К.С.Юдельсона. М., Юриздат,1972.