Қазақстан Республикасындағы лизинг
Жоспар
Кіріспе 3
І Лизингтің теориялық негіздері 4
1.1 Лизингтің түсінігі, мәні және анықтамалары 4
1.2 Лизнгтің функциялары, принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері 10
ІІ Лизинг түрлерінің сыныптамасы 14
2.3 Лизингтік төлемдерді есептеудің әдістері 21
ІІІ Бөлім. Қазақстанда қаржылық лизингтің есебін дамыту жолдары мен мәселелері 24
3.1 Қазақстандағы лизинг «БТА – Лизинг» тәжірибесінде 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Қазіргі кездегі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің барлық салаларына әртүрлі нысанда енетін, несиемен тығыз байланысты. Осыған негіз ретінде банктер мен басқа да несиелік - қаржылық ұйымдар операцияларының үлкен көлемдері, банктік емес қаржыландыруды қолданудың және ақша қаражаттарының қайта бөлінуінің өсуі, жаңа несие нысандары мен түрлерінің пайда болуы, несиелік операцияларға жаңа қатысушылардың тартылуын айтуға болады.
Жалпы Қазақстан экономикасында және оның негізгі және басты салаларында күрделі мәселе болып, негізгі капиталдың тозуы табылады. Қазіргі кезде, бір жағынан Қазақстанның кәсіпорындары жақын және алыс шетелден машина - техникалық импортында, отандық зауыт - өндірушілердің қойылымдарына қажеттілік туындаса, екінші жағынан қаражаттардың жоқтығы мен несиені алудағы қиындықтарынан өз бетінше осы техниканың құнын толық өтеуге мүмкіндігі жоқ. Құрылымдық қиындықтан өту және негізгі қорларды модернизациялаудың тиімді құралдардың бірі болып осы жағдайларда, капитал салымдардың, инвестициялардың арнайы нысаны ретінде, лизинг табылады.
Мемлекет үшін лизингті қаржылық көмектесу, осы операцияларға лизингтік фирмалардың капитал салымдарын ұлғайтуды, ал пайдаланушы фирмаларды өндірістік қорларды үнемі жаңартуға итермелейтін, жаңа техниканы сатулардың ынталандырушы құралы ретінде қызмет етеді. Осылайша, лизинг ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін арттырудың факторы бола бастауда.
І Лизингтің теориялық негіздері
1.1 Лизингтің түсінігі, мәні және анықтамалары
«Лизинг» терминінің өзі ағылшын тілінің «to lease», баяндауышынан шықты. Ол «жалдау» немесе «жалға алу» дегенді білдіреді. Бірақ лизингтің кез келген анықтамасы шектелген болып келеді және осы жаңа несиелік құралдың барлық нысандарын ескере алмайды да, сәйкесінше оның мәні мен шығуына көптеген концепциялар мен көз қарастарды туындатады. Лизинг қаржылық - коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілері бар. Қазіргі кезде, онымен байланысты құрылатын қатынастардың қиындығымен шартталған, 100-ден аса анықтамалары бар. Төменде лизинг туралы кейбір авторлардың анықтамаларын келтіруге болады:
Лизинг – мүлікке меншік құқығы келісім шарттың соңына дейін арендаға берушіде қалатын, арендаға берушінің арендаторға оның өндірістік пайдалануы мақсатында сатып алынған, машиналарды және құрал жабдықтардың ұзақ мерзімді арендасы.
Лизинг – қаржылық лизинг келісім шарты (лизинг келісім шарты) бойынша бір тұлға басқа тұлғаға белгілі бір сатушыдан келісім шартпен шартталған мүлікті меншікке сатып алып сол мүлікті кәсіпкерлік мақсаттар үшін ақылы және уақытша пайдалануға беретін, уақытша бос немесе тартылған қаржылық қаражаттарды инвестициялауға бағытталған, кәсіпкерлік қызметтің түрі.
1.2 Лизнгтің функциялары, принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері
Кәсіпкерліктің лизингтік нысаны принциптер немесе тәжірибелік қызметте ескерілуі қажет оның жалпы, жеке және ерекше қасиеттерінің бірлігі мен байланыстығын анықтайтын бастапқы ережелер, тәртіптер жүйесіне негізделеді. Кейбір принциптерді білу, көптеген факторларды, оның ішінде лизингтік қатынастарды да, білмеудің орнын толтырады.
Төменде лизингтік қатынастырдың негізгі принциптері мен ерекшеліктері көрсетілген:
ІІ Лизинг түрлерінің сыныптамасы
Лизинг түрлерін сыныптау шетелдік, сондай-ақ отандық теория мен тәжирибеде өте жақсы негізделген.
Лизинг түрлерін бөліп қарастырған кезде, Чекмарева Е.Н. өзінің кітабында келесі сыныптамалар белгілеріне қарай бөледі (сур.3).
Осындай белгілерге келесілер жатады:
Мәміле қатысушыларының құрамы;
Лизингке берілетін мүліктің типі;
Оның қайтарымдылық дәрежесі;
Амортизация шарттары;
Қызмет көрсету көлемі;
Операциялар жүргізілетін нарықтың секторы;
Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қарым қатынасы;
Лизингтік төлемдердің сипаты.
Қатысушылар (субъектілер) құрамына байланысты мәмілелерді:
2.2 Қаржылық лизингтің экономикалық мәні және құқықтық
негіздері
Қаржылық лизинг ұйымның дамуын қаржыландыратын маңызды институты болып табылады. Қаржылық лизингтің лизинг анықтамасы сияқты, оның да мәнін ашушы анықтамалардың көптігімен сипатталады.
Төменде әртүрлі авторлардың қаржылық лизингке берген анықтамалары келтірілген:
А.М Андросов бойынша «қаржылық (аренда) лизинг – лизинг алушы мүлікті сатып алу құқығымен, белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және келісімде шартталған белгілі бір шарттарға заңды және жеке тұлғаларға лизинг келісім шарт негізінде мүлікті сатып алу мен оны беру бойынша инвестициялық қызметтің түрі».
Қаржылық лизинг (finance lease) – экономикалық мәні бойынша қаржылық лизинг кезінде, арендатор мүліктің толық немесе өмірлік циклдың көп бөлігі мерзімі аралығында құрал жабдықты пайдалануға алады; жал төлемдері толығымен лизинг берушіге беріледі; арендатор құрал жабдықты техникалық қызмет ету, салықтарды төлеу, оны сақтандыру бойынша барлық міндеттемелерге жауап береді; құрал жабдықтың барлық өмірлік циклы бойы лизинг алушы алатын жиынтық жал төлемдері, құрал жабдықтың бастапқы бағасын толық жабады және инвестицияланған капиталға табысты қамтамасыз етеді.
2.3 Лизингтік төлемдерді есептеудің әдістері
Лизингтік төлемдер ретінде лизинг алушы лизинг берушіге мүлікті – келісім шарт затын пайдалану құқығын бергені үшін төленетін сома деп түсінуге болады.
Лизингтік төлемдерге лизинг келісім шартының барлық мерзіміндегі лизингтік мүліктің амортизациясы, қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін лизинг берушіге төлемнің компенсациясы, комиссионды сыйақы, лизинг келісім шартымен қарастырылған, лизинг берушінің қосымша қызметтері үшін төлемдер, сондай-ақ, егер келісім шартпен лизингтік төлемдер құрамына үлес түріндегі көрсетілген құнды төлеу тәртібі мен кері сатып алу қарастырылса, онда кері сатып алынатын мүліктің құны да көрсетіледі. Лизингтік төлемдер бөлек төлемдер түрінде өтелінеді. Келісім шартқа отырған кезде тараптар лизингтік төлемдердің жалпы сомасын, төлемдердің нысанын, есептеу әдісін, өтеудің кезеңділігін, сондай-ақ оларды төлеу тәсілдерін белгілейді.
Төлемдер ақшалай түрде, компенсациялық нысанды (лизинг алушының өнімі немесе қызметтері), сонымен қатар аралас нысанда жүргізіледі. Бұл кезде өнімнің немесе қызметтің бағасы лизинг берушімен заңдамалық актілерге сәйкес белгіленеді.
ІІІ Бөлім. Қазақстанда қаржылық лизингтің есебін дамыту жолдары мен мәселелері
Лизинг идеясы осы ғасырда ғана пайда болған жоқ. Тарихшылар мен экономистердің айтулары бойынша, лизингтік мәмілелер біздің эрамызға дейін бұрын көне Шумер мемлекетінде қолданылған болатын. Лизингтік мәміленің мәнін ашқан Аристотельдің лизингтің идеясы туралы өзінің трактатында «байлық иемденуде емес, оны пайдалануда тұрады» деп айтады. Лизинг ежелде нақты бірте меншік типтерін жалдаумен шектелген жоқ болатын. Венецияда 11 ғасырдың өзінде лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер болған: