Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Материалдар кедергісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Созылу және сығылу


Жоспар
1 Созылу және сығылу 3
1.1 Негізгі ұғымдар мен байланыстар 3
1.2 Созылу мен сығылу деформацияларын беріктік пен қатаңдыққа есептеу 7
1.3 Созылу мен сығылудағы статикалық анықталмаған жүйелер 22
1.4 Сатылы білеудің кернеулі және деформациялы күйін ДК-де зерттеу 46
1.5 ДК-ді статикалық анықталмаған жүйелерді есептеуде қолдану 53
1.6 Жаттығу есептері 60

1 Созылу және сығылу
1.1 Негізгі ұғымдар мен байланыстар
Созылу немесе сығылу деп сыртқы күштер әсерінен білеудің кез келген көлденең қимасында тек бойлық күш N пайда болғанда болатын деформацияларды айтамыз.
Бойлық күш N қима әдісімен анықталады. Кез келген қимадағы бойлық күш шама жағынан қиманың бір жағында жатқан барлық сыртқы күштердің бойлық өске түсірілген проекцияларының алгебралық қосындысына тең.
Бойлық созушы күш оң, ал сығушы күш теріс таңбалы деп саналады. Бойлық күштің білеу бойындағы өзгеру заңдылығын кескіндейтін график бойлық күштің эпюрі деп аталады.

1.2 Созылу мен сығылу деформацияларын беріктік пен қатаңдыққа есептеу
Суретте көрсетілген білеудің бойлық күштерінің эпюрасын тұрғызыңыз (1.2 – сурет).

Шешуі: Білеу берілген күш әсерін тепе-теңдіктн тұр. Білеудің сызбасына және жүктелуіне байланысты үш аралыққа бөлеміз де, әрбір аралықтың бойлық күшінің өрнегін тұрғызамыз. Ол үшін қию әдісін пайдаланып, әбір аралықтағы қиманың оң бөлігін алып тастап, сол бөлігінің тепе-теңдігін қарастырамыз, ал керісінше де қарастыруға болады.

Бойлық күштердің N эпюрасын тұрғызу үшін, білеудің өсіне параллель түзу сызықты тұрғызып (базистік немесе нөлдік сызықты), оның сол жағына сығылу күштерін, ал оң жағына созылу күштерін саламыз (1.5,e –сурет).
Білеудің көлденең қимасындағы тік кернеулерді анықтау үшін бойлық күштердің мәнін сәйкес қималардың ауданына бөлу қажет.

1.3 Созылу мен сығылудағы статикалық анықталмаған жүйелер
Статикалық анықталмаған жүйелер деп, тіректердің реакцияларының немесе ішкі күштердің шамасы тек статикалық теңдеулерден анықталмайтын жүйелерді айтады. Мұндай жүйелерді есептеу үшін қосымша бірлесіп деформациялану теңдеулерін құрастыру қажет.
Статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу жолы төмендегідей:

1.4 Сатылы білеудің кернеулі және деформациялы күйін ДК-де зерттеу
1.2 - параграфта қарастырылған 1.6 – мысалын шешу алгоритмі бойынша құрылған бағдарлама сатылы білудің кернеулі және деформациялы күйін ДК-де зерттеуге арналған. Бағдарлама Pascal тілінде жазылып, шартты түрде «BRUS» деп аталады.
Есепті ДК-ге дайындау үшін, ең алдымен сатылы білеудің суретін белгілі бір масштабпен салып, аралықтардың сипаттамалы нүктелерін солдан оңға қарай, нөлден бастап, нөмірлеу керек.
Алғашқы берілгендер ретінде ДК-ге еңгізілген сыртқы күштер шамасы білеу аралықтарын шеткі оң қимаға созатын болса – оң таңбамен алынады. Кері жағдайда күштердің шамасы теріс таңбалы болады.

1.5 ДК-ді статикалық анықталмаған жүйелерді есептеуде қолдану
Жоғарыда (1.3 - параграфта) көрсетілген статикалық анықталмаған жүйелерді есептеудің төрт сатысын, тіректердің реакцияларының не ішкі күштердің шамасын анықтау үшін сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесі құрылады. Бұл теңдеулерді қолмен шешу әр уақытта мүмкін бола бермейді, сондықтан да ДК-ді пайдаланудың қажеттілігі туады.
Программада сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін Гаусс әдісімен шешу алгоритмі жүзеге асырылған.