Тәрбие мән-мағынасы
Жоспар
1 Тәрбие мән-мағынасы 3
1.1 Тәрбие міндеттері мен қызметтері 3
1.2 Тәрбие процесінің ерекшеліктері 6
1.3 Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі 8
1 Тәрбие мән-мағынасы
1.1 Тәрбие міндеттері мен қызметтері
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
1.2 Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
1.3 Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі
Өзіндік тәрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері.
Өзіндік тәрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп және өзіндік қадағалау. Өзіндік тәрбие тәсілдері - өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап - қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.
Өзіндік тәрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тәрбиешінің тәрбиелік іс-әрекетін ғана емес, сонымен бірге тәрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тәрбие.