Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жерге орналастыруды жобалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Шаруашылықаралық жерге орналастырудың теориялық негіздері


Жоспар
1 Шаруашылықаралық жерге орналастырудың теориялық негіздері 3
1.1 Жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтар ұғымы және олардың түрлері 3
1.2 Шаруашылықаралық жерге орналастыру ұғымы, оның мақсат-міндеттері мен мазмұны 4
1.3 Шаруашылықаралық жерге орналастыру процесі 9
Әдебиеттер 17

1 Шаруашылықаралық жерге орналастырудың теориялық негіздері
1.1 Жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтар ұғымы және олардың түрлері
Мемлекеттік жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес жер қорын үлестіруді, әр түрлі шаруашылық субъектілерінің жеке жер учаскілеріне иелік етуге, пайдалануға құқық беруді жүзеге асырады. Осы іс-қимылдарды орындау барысында шаруашылықаралық жерге ораластыру арқылы жаңа жер пайдаланушылықтар мен жеке меншік жер иеліктері құралады.
Жердің тікелей пайдалануын заң негізінде жер пайдаланушылар мен жер иелері, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар (мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдар) жүзеге асырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтар жүйесін құру арқылы жерді үлестіруді жүзеге асыратын мемлекет құралы болып табылады.

1.2 Шаруашылықаралық жерге орналастыру ұғымы, оның мақсат-міндеттері мен мазмұны
Жеке азаматтар мен кәсіпорындардың әртүрлі шаруашылық құрылымдарының жер пайдаланушылықтары мен иеліктерін құру және қайта құру, халық шаруашылығы салалары мен осы салалардың ішіндегі жеке кәкіпорындардың мұқтаждықтарына сай жерді бөлу шаруашылықаралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы іс-қимылдарына қарай жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, жер иелену және пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатындастары, сонымен бірге шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады.

1.3 Шаруашылықаралық жерге орналастыру процесі
Шаруашылықаралық жерге орналастыру процесі іс-қимылдарының орындалу реттілігіне қарай, бірнеше сатылардан тұрады:
1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру барысында жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иелері мен жер пайдаланушылар тізімі анықталып, жерге орналастыруды жүргізуге және жобаны жасауға қажетті құжаттар мен материалдар (құқықтық, план-картографиялық, іздестіру-зерттеу, экономикалық және т.б.) жиналады.

Әдебиеттер
1. Қырықбаев Ж. Қ А. ш. мақсаттарға жер бөліп беру – Ақмола, 1995
2. Қырықбаев Ж.Қ., Жанбекова Д.А. Жерге орналастырулық жобалау(а.ш. емес кәсіпорындарға жер бөліп беру). Әдістемелік нұсқаулар. Астана, 2009ж.
3. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқу құралы. Астана, 2006.