Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Халықаралық экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы


Жоспар
1 Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы 3
1.1 Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы 3
1.2 Хекшер-Олин моделі 5
1.3 Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі 8
Әдебиеттер 13

1 Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы
1.1 Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы
XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары - экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХғ. 20-жылдары ортасында экономист-неоклассиктер - швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.

1.2 Хекшер-Олин моделі
Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.
Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.

1.3 Өндіріс факторларының арақатынасы теориясын эмперикалық тексеру және олардың шектеулілігі мәселесі
Сауда нәтижесінде саудаланатын тауарлардың салыстырмалы бағаларының жақындау тенденциясы байқалады. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: егер де еңбекті көп қажет ететін тауардың бағасы өзгерсе, осы тауарды өндіретін еңбек күші мол елде еңбектің бағасы өзгере ме? Егер сауда нәтижесінде капиталы мол елдегі капиталды көп қажет ететін тауар бағасы өзгерсе, капитал бағасы қалай өзгереді?
Бұл сұраққа американ экономисі Пол Самуэльсон жауап берді. Хекшер-Олин теоремасының алғышарттарының дәлдігінен шыққан дәлелденген теоремасы өндіріс факторлар бағасының теңелу теоремасы немесе Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы деп аталады.