Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары
Жоспар
1 Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары 3
1.1 Топырақ жамылғысы құрылымы 5
1.2 Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары 7
1 Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары
Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
1.1 Топырақ жамылғысы құрылымы
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың әсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы жер бетінің кеңістігінде әр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін және біріне-бірі сәйкестесе орналасуы ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады. Ол топырақ жамылғасының әрі қарай бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын және оның басты сипаттарын В.М. Фридланд (1965) ұсынды.
Жеке топырақ алабын сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
1.2 Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.
Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.
Қазақстанның жазықтық жерінде топырақтардың таралуы көлденең аймақтық топырақ таралу заңдылығына сәйкес, ал таулы өлкелерде топырақтардың тік биіктік белдеу болып таралу заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Республикамыздың жазықтық жері аумағында солтүстіктен оңтүстікке дейін ендік бағытта төрт табиғи аймақтар кезектесіп орналасқан. Олар келесідей: орманның сұр топырағы бар, сілтісізденген қара топырақпен шалғынды қара топырақты жеткілікті ылғалданған орманды дала; қара топырақты дала; қара қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт); құба және сұр-құба топырақты шөл аймақтары (1-сурет)