Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Бухгалтерлік есеп пәні

Жоспар
1. Қаржылық есеп берудің маңызы 3
2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар 5
3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі 7
4. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау 8
5. Пайда және зиян жайлы есеп беру 11
6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру 15
Пайдаланылған әдебиеттер 20

1. Қаржылық есеп берудің маңызы
Қаржылық есеп беру — бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы ¥лтгық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі - есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беру.

3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі
Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай ақпараттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық объектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Яғни, Қазақстан Республикасының 28-ші ақпан 2007 жылғы №235-111 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңына сәйкес ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті келесі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей өткізулері тиіс.

4. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау
"Материалдық емес активтер" бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

5. Пайда және зиян жайлы есеп беру
Пайда және зиян жайлы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау, әдісі есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың жіктелімін белгілейді.
Пайда және зиян жайлы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:

6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру—бүл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің (баламаларының) келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквивалентгеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі бір жылдан кем) және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәіпорынның ақша қаражаттарымен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның қаржысын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, кәсіпорынның таза стивтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ тиімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, түрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.