Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жеті жарғы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 45 стр.

Полный просмотр работы

Жарғының алтын қазығы


Жоспар
1 Отбасы және неке 3
2 Меншік 17
3 Қоғамдық өмір 27
4 Дін және шариғат жолы 42
Әдебиеттер 45

1 Отбасы және неке
Туыстық есеп өзегі атадан бастау алып, қарым - қатынастың барлық саласын баурайды. Қоғамдық және қауымдық тіршіліктің әр саласында түрлі туыстық ұғымдар қолданылады: ұру (ру), сүйек, үрым-бұтақ (ұрқы), жұрағат, ағайын елжамағайын, жеті ата, ата баласы, аталас, топ, тармақ, арыс, төбе, тайпа т.б.
Осылардың ішінде қандас туыстық жеті атаға дей3н ерекше сақталады: «жеті атасын білген ер-жеті жұртытың қамын жер», «жеті атасын білмеген – жетесіз» т.б.
Қандас туыстықтың денгейлерін көрсету үшін төмендегі ұғымдар қолданылады:

2 Меншік
1. Меншік ұғымы малға, жерге, адамға /құл, не күң/, ит пен құсқа, дүние-мүлікке қатысты қолданылады.
2. Меншік - мемлекеттік, қоғамдық, рулық, жеке бастың меншігі т.б. болып бөлінеді.

Әр адам өз меншігінен зекет берерде ең алдымен өз ағайыны, не көршілері жоқшылық көрсе соларға көмектескені абзал. Жақын, көрші адамдарға қарасу дәулетті қазақтарға уәжіб болмақ.
Түйе малының бестен кеміне зекет жоқ, бес туйеден тоғыз туйеге шейін бір қой, он түйеден он төртке дейін екі қой . Он бестен жиырмаға шейін үш қой, жиырмадан-жиырма беске шейін төрт қой, жиырма бестен отыз алтыға шейін-тайлақ, яки бір тайлақтың басын төлемек, отыз алтыдан қырық алтыға шейін - құнажын інген, қырық алтыдан - алпыс беске шеиін - бір беске шығар атан, алпыс бестен - жетпіс алтыға дейін - бесті түйе, жетпіс алтыдан-тоқсан бірге дейін- екі құнажын інген, тоқсан бірден-жүз жиырмаға шеиін-екі дөнежін інген, жүз жиырмадан асқан соң әр бес түйеге І қой қосыла береді. Сиырдың отызынан кеміне зекет парыз жоқ. отыздан қырыққа шеиін сиыры бар кісіден бір жасқа толған бір сиыр.

3 Қоғамдық өмір
1. «Ақ сүйек» бұлар- түбі Шыңғыс ханнан тарайтын әлеуметтік топ.
Олардың халықпен қарым-қатынасы «Жарғымен» реттеледі. Әлеуметтік мәселелерді өз ішіндегі үлкендері реттейді.
2. «Ақ сүйек» өкілінің (хан, ұлыс сұлтаны) құны қара қазаққа қарағанда жеті есе жоғары.
3. Қазақ төре тұқымымен кездескенде, аттан түсіп, бір тізесін бүгіп «алдияр (аллажар) тақсыр» деп сәлем етеді, аттанарда да осылай дейді. Төреден жасы үлкен, немесе елге өте сыйлы адамдар тізе бүкпей-ақ «тақсыр» деп амандасады.
4. Хан мен ұлыс сұлтандары қара халықтың сыйлы өкіліне қолын иығына тигізіп сәлем ишаратын жасайды.

4 Дін және шариғат жолы
«Жарғы» мазмұнында дінге қатысты бірнеше талап бар, оларды атап айтсақ:
1. Құдайға тіл тигізген адам, егер тіл тигізгенін жеті адам дәлелдеп, куәлік берсе, өлім жазасына кесіледі.Өлім жазасы шариғат талабына сәйкес таспен атып орындалады.
2. Өзге дінге кірген, соның ішінде христиан дініне кірген адам, өз мал-мүлкіне, қатын баласына иелік хақынан айырылады. Себебі мал-мүлікке, адам жанына ру ортақ. Осы себепке байланысты «шоқыншының» мал-мүлкінін, қатын-баласын ағайын-туыс бөліп алса қылмыс болып табылмайды.
Шариғаттың тікелей әсері «Жарғының» төмендегі ережелерінен көрінеді: