Соттық қадағалау тәртібіндегі сот өндірісі
Қадағалау өндірісінің түсінігі және мәнісі. Қадағалау тәртібінде шағым мен наразаылықты қарастырушы соттар. Істерді қадағалау тәртібінде қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі. Қадағалау сатысындағы соттың өкілеттіктері.
Қадағалау өндірісінің түсінігі және мәнісі. Қадағалау сатысында іс жүргізу процессуалдық бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдері мен қаулыларын тексеру, сонымен қоса өкілетті лауазымды тұлғалардың наразылықтары бойынша сот қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау бойынша процессуалдық әрекетті білдіреді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.
Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады. ҚР АІЖК 385-бабына сәйкес, сот актілеріне:
Егер наразылық беру туралы өтініште соттың материалдық немесе процессуалдық–құқықтық нормаларды өрескел бұзушылықтары туралы сенімді дәлелдері келтірілсе, іс қадағалау тәртібінде тексеру үшін сұратылады. Іс материалдары сұрау салысымен дереу жіберілуге жатады.
Істерді қадағалау тәртібінде қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі. Қадағалау шағымдары мен наразылықтарын шешім заңды күшіне енгеннен кейін 1 жыл ішінде беруге болады.
Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша: