Инфляцияның мәні, мазмұны
Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Инфляция мәні, негізгі мазмұны 5
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу 5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері 6
2 бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар 9
2.1 Инфляцияның түрлері 9
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар 11
2.3 Филлипс қисығы 13
3 бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы
саясат 17
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және ерекшеліктері 17
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары 18
3.3 Инфляцияға қарсы саясат 20
Қорытынды 24
Пайдаланылатын әдебиеттер 26
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады:
1) бөлімінде инфляцияның мәні, негізгі мазмұны жазылған;
2) бөлімінде инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар жазылған;
3) бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат жазылған.
Инфляция - бұл күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналы мына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
1 бөлім. Инфляция мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде, сұранымның артуына қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруына әбден мүмкін.
2 бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын болған. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
Батыс елдердің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механизм моделі) қарастырылады.
2.3 Филлипс қисығы
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды.1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861 – 1856 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып, Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
3 бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндіріс диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де, көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді. Сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып, инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
3.3 Инфляцияға қарсы саясат
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Бұл екіұшты мәселе әр түрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ – та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бір талай елдерде инфляцияға икемделу іс – шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады ( табыстарды индексациялау және т. б.).
Қорытынды
Мен осы «Инфляция: мәні, формалары, салдары, себептері» атты курстық жұмысты қорытындылай келе, мынандай шешімге келдім.
Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраныстың арасында қалыптасқан сәйкессіздігі. Нақтырақ айтсақ, бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030ж дейінгі) даму стратегиясы. Алматы 1997ж.
2. Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б. « Экономикалық теория» Алматы 1999ж.
3. Бисенғазиев М. Е. « Макроэкономика» Орал БҚМУ 2000ж.
4. Борисов Е. Ф. « Экономическая теория» Москва 1999ж.
5. Жүнісов Б. А. « Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1999ж.
6. Жуков. Е. Ф. « Деньги, кредит, банки» Москва 1999ж.
7. Көшенова Б. А. « Ақша, несие, банк, валюта қатынасы» Алматы « Экономика» 2002ж.
8. Қазамбаев А. М. « Баға және баға белгілеу» Орал 2001ж.
9. Макконел К. Ф., Брю С. А. « Экономика» Москва 1999ж.
10. Осипова Г. М. « Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002ж.
11. Саниев. М. С. « Ақша, несие, банктер» Алматы 2001ж.
12. Сахариев. С. С., Сахариева А. С. « Жаңа кезең экономикалық теориясы» Алматы 2004ж.