Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Информатика курсын оқытуда компьютерді пайдаланудың алғышарттары


ЖОСПАР

КIРIСПЕ 3
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 5
1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi 5
1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары 10
1.3 Информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану 14
1.4 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы 16
2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 25
2.1 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi 25
2.2 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану 38
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау 41
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 45
3.1 Жүйені құруға және еНгізуге кеткен шығын есептеулері 45
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері 46
БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ 48
ҚОРЫТЫНДЫ 52
РЕЗЮМЕ 54
SUMMARY 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
ҚОСЫМША 57

КIРIСПЕ

Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Информатика” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Delphi курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы.
Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.

1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi

Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.

1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары

“Информатика” курсының мектепке пән ретiнде енгiзiлгелi берi курсты оқытудың белгiлi тәжiрибелерi жинақталды. Сонымен қатар курсты оқытудың дидактикалық жүйесi де қалыптасып қалды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бiрқатар шаралар жасалуда.
Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып табылатын компьютерлiк оқыту құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргiзетiн программалар, компьютерлiк ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының негiзгi жұмысы болып табылады.
Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен шұғылданып келедi. бiр -бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.

1.3 Информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану

Информатика курсының мазмұнын құрылымдау иерархиялық деңгейлерге бөлiнген құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын бағалау және пән мәселелерiнiң ашу т.с.с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды тұрлендiрумен, жүйелеумен сипатталады.
КОҚ-ның құныдылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:
- оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
- түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
- оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.
Көп бағыттылықты аспектiлерiн жұзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Программаны бөлшектеу осы деңгейлердi ескере отырып орындалады.
КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:

Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар, жаттығулар, аралық бақылаулар, т.с.с.) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы болып табылады.
КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске асырылады.
1-кестеде екi принцип бойынша құрылымданған “Информатика” курсының мазмұны келтiрiлген.
1-кесте

1.4 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы

Бiз даярлаған “Информатика” курсының жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген. Схемдан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде “Информатика” курсының құрылымданған және информация-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, өзін сынау жүйесi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.

2-схема. Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосымшалары ашылады. Олардың көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады.

2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi

Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.
Информатика курсының электронды оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Windows жүйесінде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 5  Delphi 5 командасы арқылы iске қосылады (1-сурет).
Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).
Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген. Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол түрлі командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр пункттерiнiң құрамында түрлі типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың атауынан кейiн үш нүкте тұрса, онда Бұл команда диалогтық терезе шақырады.

2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы
Delphi-де компоненттер панелiнен формаға түрлі компоненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру визуальды программалаудың негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару үшін компоненттер панелiнiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit (енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (командалық тұйме) компоненттерi жиi пайдаланылады.
Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып, оның Text қасиетi арқылы не iске қосу командасын берген соң оған курсорды енгiзiп, клавиатура арқылы бiр жолдық мәтiн енгiзуге және оны редакциялауға болады.

3-сурет. Модульдi сақтау терезесi
Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, Сақтау тұймесiн шерту. Проект файлды .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.
Мұндағы ескертетiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, Мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мұмкiн. Сондықтан оларды тұрлi атаулар бойынша сақтау керек.
Сақтаулы проектiнi ашу ұшiн File – Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.

2.2 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану

“Информатика” курсының теориялық материалдары мен тапсырмалар жүйесін құруда FronPage веб-беттер құру ортасы қолданылды. Алдыңғы тарауларда курс мазмұнын құрылымдаудың теориялық негiздерi қарастырылған болатын. Ендi осы оқу материалдарын электронды оқулықты құруда қандай формада, құрылымда беру мәселелерiн қарастырайық. Оқу материалдары әрине бiрiншiден курс мазмұнынан тұрады. Электронды оқулық құрудың инструменталды құралдарын пайдалан отырып, бiз оқу курс мазмұнын оқулықтың сол жақ бөлiгiне орналастырдық және курс мазмұны қарапайым Блокнот редакторында дайындалады.

2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау

Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын iске қосу үшін “Okuluk.exe” программасын жүктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (13-сурет). Экранның сол жақ бетiнде курс мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.

13-сурет. Delphi компьютерлiк оқулығының негiзгi мәзiрi
Суреттен көрiп тұрғанымыздай оқулық төрт пункттен тұрады:
1. Оқулық. Мұнда құрылымданған курс мазмұны, өзін сынау орналасқан оқу материалдарының негiзгi терезесi ашылады. Терезенiң сол жақ бөлiгiнде орналасқан курс мазмұнынан сәйкес тарауды не тақрыпшаны таңдау арқылы оқу материалының керектi түсын ашып алуға болады (14-сурет).
Пайдаланушы әрбiр қадамдағы iс-әрекеттi ретiмен мұқият орындау арқылы суретте көрсетiлген нәтиженi ала алады. Бұл оқушының мұқияттығын ғана дамытып қоймай, сонымен бiрге курс мазмұнын игерудегi ебдейлiгi мен дағдысының да жылдам қалыптасуына әсерiн тигiзедi. Тапсырмалар жүйесінде тапсырманы орындаудың дұрыс нәтижесi де келтiрiлген. Бұл оқушының қашан дұрыс нәтижеге қол жеткiзгенше, тапсыр-маны қайталап орындауына әкеледi. Ал дұрыс нәтижеге жеткен кезде оқушы нәтиженi оқытушыға көрсету арқылы өзiнiң қандай деңгейге жеткендiгiн анықтап бередi. Бұл оқытушыға да оқушының бiлiм деңгейiн объективтi бағалауына өз әсерiн тигiзедi.

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері

Delphi ортасында Информатика пәні бойынша электрондық оқулық құру туралы дипломдық проектісі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып жасалынды. Бағдарламалық қамтамасызданудың натуралдық эффектісі келесі көрсеткіштерден тұрады:
- бағдарламалық қамтамасыздануға кететін капиталды шығындар;
- жылдық эксплуатациялық шығын экономиясы;
- бағдарламалық қамтамасыздануға кеткен капиталды шығындар;
Жүйе шығындарының құрылу есебі келесі формула арқылы есептелінеді:

БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ

1 Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: «Delphi бағдарламалау ортасында «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құру».
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Самал 2, уч 1808 .
Кіммен жасалған: Жамалбекова Айнұр Көмекбайқызы
Бизнес сферасы: бағдарламалық қамтама құру
Қызметтің негізгі түрлері: бағдарламалар құрастыру, «Информатика» кафедрасының студенттерін электрондық оқулықтарымен қамтамасыздандыру.
Басталу мерзімі: 2006 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 7 ай
2 Резюме
Дипломдық жоба тақырыбы: «Delphi бағдарламалау ортасында «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құру». Бұл дипломдық жобада «Информатика» кафедрасын «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық құрумен қамтама құрастырылған. Құрастырылған жоба Delphi бағдарламалау ортасында орындалған. Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауда мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелгн қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларды құруды үйрену арқылы ғана –де программалауды үйренуге болады. Ол үшін кітапқа енгізілген программаларды іс-жүзінде орындап және оларға түрлі өзгерістер енгізіп, жаттығу да мүмкін. Жетістік тек тәжірбиеге байланысты.
Бағдарламалық өнім диск түрінде және Интернет –дүкендерінде сатылатын болады. Жоспар бойынша келесі жарты жылдықта сату көлемінің мөлшері 250 диск (күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттерге -120, қашықтықтан оқитындарға - 90).
Жыл бойындағы сату көлемінің мөлшері 250 диск, 7000 теңге әр диск үшін. Бір дисктен көшірудің ағындық шығындары CD-R дисктің тұру бағасына (80 теңге) қосылады, машиналық уақытының құны -150 теңге/сағ, бөлінетін қаржы көлемі – 20% .
Алға қойған мақсатқа жету үшін -777937,5 теңге қажет.
Ол қаражат комплексті техникалық құралдарға -143000 теңге, алгоритмді ендіруге – 12600 теңге, бағдарламаны ендіруге - 227784,36 теңге және откладкаға - 46500 теңге жұмсалады, пайда-1750000, табыс-816475
Несие Туран Алем Банк - тен алынады.
Несие 7 айда толығымен қайтарылады.

Бұл дипломдық жобада Delphi бағдарламалау ортасында «Visual Basic» пәні бойынша электрондық оқулық құру қарастырылған. Жұмысының негізгі мақсаты – электрондық оқулық құру. Бұл оқулықты пайдаланушы оқи отырып, өзінің қаншалықты түсінгенін білу үшін оған арнайы тест сұрақтарын жасадым.Сонда пайдаланушы өзінің қалай түсінгенін байқайды. Дипломдық жобада мазмұнның қысқаша түсініктемесі беріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Диплом жұмысын қорытындыласақ, “Информатика” курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану, оны басқару мен бақылауды жеңiлдетуге, студенттiң курсты игегрудегi ебдейлiгi мен дағыдысының жылдам қалыптасуына және студенттiң компьютермен үздіксіз байланыста болуын қамтамасыз етедi. Компьютерлiк оқыту құралының құрамындағы теориялық материалдар, тапсырмалар, олардың арасындағы интерактивтiлiк пен тақырыптық-логикалық байланыстар, қайталанбайтын көпнұсқалы тапсырмалар жоғарыда аталған мақсаттарға жетудiң тиiмдi де қысқа жолы деп санаймыз.
Сонымен “Информатика” курсын компьютерлiк оқыту құралдары:
 курсты оқудың мақсатымен таныстыру, оның мазмұны мен құрылымын түсiну;
 курсты игеру мақсатында берiлетiн түрлі деңгейдегi лабораториялық жұмыстарды орындау;
 студенттiң түрлі есептердi шешудегi дағды мен ебдейлiгiн қадлыптастыру;

РЕЗЮМЕ

Объект исследования: Создание электронного учебника по предмету «Информатика» в среде Delphi .
Цель работы: Создать электронный учебник по предмету «Информатика». Пользователь электронным учебником по тестам может определить уровень своих знании по данному предмету.
Результат работы: Создана программа электронного учебника по «Информатика».
Область применения: в средних и в высших учебных заведениях.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Г.Боутон. Внутренний мир AdobePhotoShop. Киев, ДиаСофт, 2000 г.
2. С.Луций. Изучаем PhotoShop. Спб. 2002 г.
3. Роуз К. Освой самостоятельно Adobe Photoshop 5.5 за 24 часа. Пер. с англ. – М.:Издательский дом “Вильямс”, 2000
4. О.Камардинов. Информатика. 1-бөлiм. -Шымкент, 1999.
5. О.Камардинов. Информатика, 2-бөлiм, -Шымкент, 2000.
6. Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows 98. Пер. с англ. К., “Диалектика”, 1996
7. К.З.Халықова. Информатиканы оқыту әдiстемесi. -Алматы. “Бiлiм”, 2000
8. М.Донской. Интернет и пользовательский интерфейс. Мир Internet. 1999.
9. М.П.Концевой. “Парадоксы” дидактической наглядности. Education+ Человек. Культура. Общество.
10. А.И.Башмаков. Компьютерный учебник “Информатика” для дистанционного обучения. Мн. Бестпринт, 2001.