Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар


Жоспар
Кіріспе 3
1 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар 9
1.2 Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі 12
2 Еңбек жағдайының өзгерген жасалатын қосымша төлемдер 14
3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар 17
4 Қазақстан Республикасындағы шетелдік жеке тұлғалардың еңбек ету қызметі 19
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе
Кәсіпорын шаруашылық жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам) жүргізіледі, ол бүкіл субъектіндегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мақтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен тікелей жеке еңбек келісім шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты жұмыс беруші еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбектің қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.

1 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері.

1.2 Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі
Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе көлемінің (уақытының, өндірім, нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценкасы) бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталығын күшейтуге ықпал ету пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға (расценок) бойынша белгіленеді.

2 Еңбек жағдайының өзгерген жасалатын қосымша төлемдер
Бірнеше қызметті қатарынан кезде (қызмет көрсететін аясы кеңейгенде) немесе уақытша жұмысқа келмегендердің (қатысушылардың) міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бір ұйымның шеңберінде жұмыс істейтін болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметтен босамаған болса, еңбеккерлерді негізгі міндетінен босатпай, оларға қосымша міндеттемелер жүктеледі. Оның мөлшері жұмыс берушімен жұмысты атқаратын еңбеккерлердің келісім бойынша анықталады (негізгі айлығының бір айдағы айлығынан пайыздық мөлшерлемесі алынады).

3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі еңбек берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндар үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар - ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады.

Қорытынды
Қорыта айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекакы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құкықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргзудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Еңбекті уакыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде - жұмыстың сандық және сапалык көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексерілуі қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ҚР-ның Заңы, Алматы; Юрист-2005 ж.
2. Оплата труда: заработная плата, гарантии и компенсационные выплаты работникам/Досье бухгалтера /№1 (25), январь-февраль 2003 г.
3. Условия труда/ Труд-Зарплата-Пенсия в Казахстане/№16(40) /Август 2004 г./
4. Оплата труда в бюджетных учреждениях /ББ-Отраслевые и иные особенности налогооблажения и учета/ №2, февраль 2004г.
5. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;
6. Алехина О. Стимулирующий эффект систем заработной платы // Человек и труд. – 1997. - № 1. – С. 90-92.