Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Ақша, несие, банктер

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 21 стр.

Полный просмотр работы

Ақшаның мәні және қызметтері


Жоспар
Кіріспе 3
1 Ақшаның мәні және қызметтері 4
1.1 Ақшаның шығу теп 4
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні 8
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы 13
Қорытынды 21
Әдебиеттер 22

Кіріспе
Тарауда келесідей сұрақтар қарастырылады:
- Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
- Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- Ақша қызметінің эволюциясы.
- Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.

1 Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу теп
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.

1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі - кызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызмет тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жек« құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұңдай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Қорытынды
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал. тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.