Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау


Жоспар
1 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау 3
1.1 Жалпы түсініктеме 3
1.2 Актив көздерінің құрамы мен құрылымын талдау 3
1.2.1 Меншікті капиталды талдау 5
1.2.2 Қатыстырылған капиталды талдау 5
Әдебиеттер 12

1 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымын талдау
1.1 Жалпы түсініктеме
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті). Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

1.2 Актив көздерінің құрамы мен құрылымын талдау
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.
1-кесте
Кәсіпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы

1.2.1 Меншікті капиталды талдау
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекі тілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

1.2.2 Қатыстырылған капиталды талдау
Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған (тартпаған). Бұдан кейін талдаушы оны дебиторлық борышпен салыстырып талдауы керек. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.

Әдебиеттер
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Мельников В. Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. – Москва: Перспектива, 2000
5. Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005 ж.