Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы саяси партиялар


Жоспар

1 Қазақстандағы саяси партиялар 3
1.1 ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар 3
1.2 Егемен Қазақстанның партиялардың қаыптасуы 4
1.3 Қазіргі ресми тіркелген партиялар 11
Әдебиеттер 15

1 Қазақстандағы саяси партиялар

1.1 ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкехановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «Делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейханов кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

1.2 Егемен Қазақстанның партиялардың қаыптасуы

Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде, әлбетте бұл жүйеге өтпелі кезеңге сай тұрақсыздықта тән екенін де айтпауға болмайды.
1990 жылы КСРО-ның «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Ортақ мүдде жолында халықтың бірігу мүмкіндігінің жоғарғыдай заңдастырылуы, қоғамда саяси ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым көпшілігі уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған «қуыршақ» партиялар болды. Жалпы саяси партия-пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.

1.3 Қазіргі ресми тіркелген партиялар

2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның елу мың мүшесі болу керек. Соған орай бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде келесі 9 партиялар жұмыс істейді.

Әдебиеттер

1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.
2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.
3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.
4 Булуктаев Ю. А. Дьяченко С. А., Карамзина Л. И. Политические партии Казахстана: справочник. – Алматы, 1998. – С. 57–59.