NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс
NORTON COMMANDER операциялық қабықшасындағы жұмыс ерекшеліктері.
Norton Commander операциялық қабықшасы қазіргі уақытта ең таралған DOS-тың өзгертпесі болып табылады. Ол DOS-тың командамен басқарылатын интерфейсін «мәзір» типті қолданушының интерфейсіне ауыстырылған. Бұл операциялық қабықшаның дербес компьютер қолданушыға ұнағаны соншалық, Windows-пен жұмыс атқарса да, Norton Commander-ді «файл манипуляторы» ретінде қолданады. Себебі, Norton Commander өте қарапайым, онымен жұмыс жасауға ыңғайланып кетуінен, және де ол ДК ресурстарын экономды түрде жұмсайды.
NC алғашқы рет іске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөліктеріне тік төртбұрышты бірдей екі панель шығады да, оларда ағымдық винчестерлік дискіде жазулы каталог мазмұны көрінеді. Оның үстіне әр панельдің жоғарғы жағында каталогтың аты да жазулы тұрады. Ал командалық жол панельдердің төменгі бірінші жолға орналастырылады.
Егер файл тексті экранға сыймаса, PgPn клавишін басу арқылы оның келесі бөлімдерін ретімен экранға шығарып көруге болады. Ішкі каталогқа қайта өту ESC клавишін басу арқылы орындалады.
F4 (edit) – (edit - редакциалау) клавишін басқан кезде іске қосылатын текстік редакторды нұсқау.
F5 (copy) – (copy – көшіру) ағымдық каталогта таңдап алынған ішкі каталогтың, файлдың не файлдар тобының мазмұндарын көшіру.
F6 (renmov) – (rename or move – басқа ат беру не жылжыту) таңдап алынған файлдың не каталогтың атын өзгерту не басқа каталогқа орынын ауыстыру.