Шығындар және оның классификациясы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ 5
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі 5
1.2 Басқару есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы 7
1.3 Басқару үрдісі және бухгалтердің басқару үрдісіндегі ролі 8
ІІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 10
2.1 Өндіріс шығындарының классификациясы 10
2.1.2 Тікелей және жанама шығындар 14
2.2 Өндірілген өнімнің өзіндік құнының есебі 14
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23
КІРІСПЕ
«Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандартын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіспіз. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз» деп Елбасымыздың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтті.
І ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ
1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.
Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталистке тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
1.2 Басқару есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Басқару есебі өз кезегінде басқаруды ақпаратпен қолдауды қамтамасыз етіп отырады.
Басқару есебі арқылы кәсіпорын менеджерлерінің қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды дер кезінде анықтап отыруына өз үлесін қосады. Яғни, келесі қызметтер іске асырылады:
• Жоспарлау немесе болжау;
• Бақылау;
• Шешім қабылдау.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі экономикалық ақпараттарға сұраныс тудыратын экономикалық тұлғаларға: менеджерлер, акция ұстаушылар, инвесторлар, жалдамалы жұмысшылар, несие берушілер және мемлекеттік ұйымдар жатады.
Бухгалтерлік ақпаратты қолданатындар екі топқа бөлінеді:
ІІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2.1 Өндіріс шығындарының классификациясы
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде - өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін, оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі айқындалады.
2.2 Өндірілген өнімнің өзіндік құнының есебі
Өндірістік шығындар (негізгі еңбек, негізгі материалдар және өндірістік үстеме шығындар) өндірістік өнімнің есебі және сатылған өнімнің өзіндік құнының есебі ретінде көрініс табады. Бұл есептер жекелеп немесе өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны есебі болуы мүмкін.
Өндірілген өнімнің өзіндік құны өндірістік мерзімдегі дайын өнім өндіруге қатысты өндірістік шығындарды есепке алады. Өндірістік шығындардың өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуі мерзім аралығында аяқталмаған өндіріске байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.
Сатылған өнімнің өзіндік құны табысқа байланысты көрініс табатын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына енуіне байланысты сатылған өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің қалдығының нақты өзгеруіне қатысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін.
Мысал 1.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, өндірістің және оның құрылымының дамуы үшін ең бастысы оған жұмсалатын шығындардың негізін, олардың құрылымын, шығындарды барынша азайту шараларын қадағалап, экономикалық максималды пайда табуды іске асыру керек.
Әлемдік шаруашылықтың жаһандануына байланысты Қазақстан Республикасы алдағы жылдары Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына өтуге дайындалуыда. Ол үшін еліміздің экономикасының қаржы секторының мығым болуымен қатар, экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.