Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 4
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 4
1.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу 6
1.3 Вексельдермен есеп айырысу 9
ІІ ТАРАУ. КАССАДАҒЫ НАҚТЫ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ 20
2.1 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі 21
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер 25
КІРІСПЕ
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылығы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бойынша есеп айырысады.
І ТАРАУ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің қассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп-айырысу қызметін атқарады.
Прогрессивті несие саясатын жүзеге асыру, негізгі қызметті несиелендірудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі қаржыны қаржыландыру мен несиелендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу төмендегі мемлекеттік акционерлік банктерге жүктелген:
1.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін (кейін қайтаратын етіп) шарттарды, салықтық шот-фактураларды жөне төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
1.3 Вексельдермен есеп айырысу
Вексель - біржақты қатаң орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысандағы құжат.
Жай және аударма вексельдер болады.
Жай вексель (соло )- талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің ешбір шартсыз міндеттемесін қамтитын вексель.
ІІ ТАРАУ. КАССАДАҒЫ НАҚТЫ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен - сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға өрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуьш қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады.
Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
2.1 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Касса кітабы мен касса операцияларын жүргізуге бақылау бас бухгалтерге жүктеледі.
Кассирдің келісімі бойынша касса кітабы автоматтандырылған әдіспен жүргізілуі мүмкін.
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша есебі
Валютамен операциялар жүргізетін субьектілер 452 - «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша» шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен жөне теңгеге айналдырылып көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың жөне басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырады және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелерге несиелендіруді, қаржыландыруды және есеп - айырысу қызметін атқарады.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу-кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.