Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар


Жоспар

1 Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар 3
1.1 Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері 3
1.2 Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар 4
Әдебиеттер 10

1 Қазақстандағы және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

1.1 Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері

Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.

1.2 Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;
2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;
3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.

Әдебиеттер

1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.
2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.
3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.
4 Булуктаев Ю. А. Дьяченко С. А., Карамзина Л. И. Политические партии Казахстана: справочник. – Алматы, 1998. – С. 57–59.
5 Дьяченко С. А. Партогенез в Казахстане состояние, проблемы и перспективы. – Алматы : «Каусар – булек», 1997. – С. 41–45.
6 Дюверже М. Политические партии. – М., 2005. – С. 544.