Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Электрмагнит өрісінің теориясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ферромагнетик гистерезисінің тұзағын шешу


Жоспар
1 Ферромагнетик гистерезисінің тұзағын шешу 3
1.1 Теориялық мәліметтер 3
1.2 Тапсырма 7
1.3 Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар 7
Әдебиет 11

1 Ферромагнетик гистерезисінің тұзағын шешу
1.1 Теориялық мәліметтер
Магниттік тізбек – электр құрылғыларының ферромагниттік және ферромагниттік емес бөліктерінің жиынтығы. Ол нақты конфигурация мен қарқындылықты магнит өрісін түзуге арналған және онда Ф магниттік ағыны тұйықталады. Заттық ортадағы магнит өрісі үш векторлық шамамен сипатталады:

Магниттелудің бастапқы қисығы өзегінің ферромагниттік материалы алдын-ала магнитсіздендірілген( В=0, Н=0) орам орамасының тоғын монотонды түрде ұлғайтқанда пайда болады.
Магниттенудің гистерезиссіз қисығы ферромагнитті материалды магниттеу барысында оны периодті түрде гистерезисті шешіп жатқандай соққылап отырғанда пайда болады. Бұл қисықтың магниттелудің басты қисығынан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Магниттіжұмсақ ферромагнитті материалдарда гистерезистің жіңішке тұзағы мен магниттенудің тік көтерілетін басты қисығы бар.
Олар магнит ағыны периодты түрде өзгеріп тұратын кезде жұмыс істейтін электротехникалық құрылғыларда (трансформаторлар, электрқозғалтқыш, генераторлар, индуктивті орамдар және т.б.) қолданылады.
Гистерезистің жіңішке тікбұрышты тұзағы бар магнитті жұмсақ материалдар ЭЕМ мен автоматты реттеу және басқару құрылғыларында пайдаланылады.