Жерді бағалау және жер кадастры
Жоспар
1 Жерді бағалау және жер кадастры 3
1.1 Жер кадастрының теориялық негіздері 3
1.2 Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу 4
1.3 Жерді есепке алудың міндеті және сипаты 6
1.4 Жердің сапасын есепке алу 9
1.5 Топырақты бонитеттеу 13
1.6 Жердің кадастрлық бағасы 16
1.7 Жерді кадастрлық бағалау әдісі 19
1.8 Жерді бағалау үшін базистік көрсеткіштерді есептеу және бағалау шкаласын құру, жер пайдалануды бағалау 21
1.9 Жер кадастрын жүргізу тәртібі 24
1.10 Қазақстан Республикасында жер кадастрын ұйымдастыру 28
Әдебиеттер 31
1 Жерді бағалау және жер кадастры
1.1 Жер кадастрының теориялық негіздері
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субьектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-қүйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жерлердің мелиорациялық кадастры болып табылады.
1.2 Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу
Меншіктің жалпы түсінігі. Жерге меншік құқығының түрлері. Жер учаскесіне жер пайдалану және меншік құқығын тіркеу мазмұны және міндет атқаруы. Тіркеуге алынатын құжаттар мінездемесі. Жер беру сипаты мен мерзімі бойынша жерді пайдаланудың түрлері. Жер-тіркеу процесінің жүйелілігі және мазмұны. Жер учаскесі мен онымен байланысты жылжымайтын обьектілердің бірыңғай мемлекеттік реестрі мазмұны және жүргізу тәртібі. Жер учаскесіне құқықты тіркеуді автоматтандыру.
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.
1.3 Жерді есепке алудың міндеті және сипаты
Жерді есепке алудың түсінігі. Есепке алудың объект, бірлік, қайнар көз мәліметтері. Жерді есепке алудың міндеті және оның экономикадағы ролі. Ауданның жылдық жер есебін алқаптар, жер санаттары және меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша жүргізу тәртібі мен түсінігі. Жер алқаптарын топтастыру, олардың сипаттамасы. Жерді есепке алудың түрлері мен тәсілдері. Алқаптар бойынша жердің санын есепке алу. Жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу мақсатында есепке алу меншік құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ететін қажетті шарт болып табылады.
1.4 Жердің сапасын есепке алу
Жердің сапасын есепке алудың маңыздылығы. Жер учаскесінің алқаптар түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы.
Жер сапасын топтастыру. Құнарлығы төмен механикалық құрам және құнарын азайтатын белгі бойынша жер сапасын есепке алу. Жайылымдар мен шабындықтардың мәдени-техникалық жағдайын есепке алу. Егістік жердегі топырақтың агроөндірістік сипаттамасы. Жер сапасының сатысын есепке алу және жер-кадастр құжаттарында оларды белгілеу. Жер учаскесінің паспорты.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі және күнделікті болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1.5 Топырақты бонитеттеу
Жер өндірістің басты құрамы. Құнарлықтың түсінігі және мәні. Топырақ бонитировкасы түсінігі және Қазақстан Республикасында жүргізудегі тәжірибесі. Құнарлық деңгейін өлшеу, оны бағалаудың принциптері. Топырақты бағалауда, академик В.В. Докучаевтың әдістемесі. Қазақстан Республикасында топырақты бағалаудың ерекшеліктері. Жер бағасы жүйесіндегі топырақ бағалаудың ролі бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері топырақтары анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді.
1.6 Жердің кадастрлық бағасы
Жылжымайтын объектілердің ақша бағасының жалпы ережелері. Нарықтық қатынастарда жерді сату-сатып алудың мақсатқа сәйкестілігі. Ақша бағасы бойынша әдістемелік ұсыныстарды топтастыру. Жерге төлем есебінің әдісі. Жер үшін төлемдермен есептесудің әдістемесі. Жер бағалау көрсеткіштері мәні. Жер - бағалау жұмыстары кезеңдері. Ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлерді кадастрлық бағалау ерекшеліктері. ҚР аумағында табиғи-шаруашылық аудандастыру.
1.7 Жерді кадастрлық бағалау әдісі
Бағалауға және бонитеттеуге жататын жердің табиғи құрамы. Өндірістік жалпы құрамы және оларды бағалаудың қажеттілігі ретінде жердің функциясы. Жер рентасы және оның әр түрлілігі. Жер жерді бағалаудың спецификалық тауары ретінде. Табиғи ресурстарды бағалау критериясы. Жерді экономикалық бағалау міндеті. Ауылшаруашылық жерлерін экономикалық бағалау әдісі кадастрлық, нарықтық бағалау ерекшеліктері.
Қалалық жерлердің кадастрлық құнын әдістемесін құру жолында әлемдік тәжірибеден және отандық негіздегі талдаулардан бірнеше әдісттерді көрсетуге болады.
1.8 Жерді бағалау үшін базистік көрсеткіштерді есептеу және бағалау шкаласын құру, жер пайдалануды бағалау
Жерді бағалаудың бастапқы аумақтық бірлігін негіздеу. Бағалаудың бастапқы бірлігі бойынша экономикалық ақпараттарды жинау. Бағалаудың базистік көрсеткіштерінің мәні мен тізімі. Типтік өңдеу әдісі. Корреляционды-регрессивті талдау бойынша Республикалық әдістеме. Жер бағалау көрсеткіштері есебі және бағалау шкаласын құру. Жер учаскелерін бағалау шкаласын қолдану. Жер-бағалау құжаттары.
1.9 Жер кадастрын жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің жалпы ережелері. Жер ресуртарын басқару Агенттігінің функциялары. Жер кадастрдың есептік бірлігі және құжаттары. Жер кадастрлық ақпаратты пайдалану. Әкімшіліктік - есептік бірлікке берілетін кодтардың тізімі. Облыс, аудан деңгейіндегі өндірістегі жер кадастры. Жылдық жер есебін қарау және бекіту әдістемесін құрастыру. (Жер балансы). Жер-есептік құжаттардың автоматтандыруын жүргізу.
1.10 Қазақстан Республикасында жер кадастрын ұйымдастыру
Өтпелі кезеңде жер кадастрын ұйымдастыру. Кадастрлік жұмыстарды автоматтау деңгейі. Қалалық кадастрды ұйымдастыру. Қалалық жерлерді бағалау әдістемесі. Кадастрлық мақсаттар үшін қалалық жерлерді аймақтау. Жерге орналастыруда кадастрлық ақпаратты салық салуда, жермен және жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауда қолдану. Жер кадастры және оның жер мониторингімен байланысы. Жер мониторингі ақпараттарын жер кадастры мақсаттары үшін және жер ресурсын қорғау үшін пайдалану.
Әдебиеттер
1. ҚР Үкіметінің №958 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі туралы» қаулысы, 20 қыркүйек, 2003ж
2. Қазақстан Республикасының æер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. - Àлматы, 2004. – 245 б.
3. Дегтяров Н.В. Земельный кадастр. М., Колос, 1979 ж
4. Дегтяров Н.В. Государственный учет земель и их сравнительная оценка.-М., 1979 ж
5. Магазинщиков Т.П. Земельный кадастр. Львов . Всышая школа 1987
6. Оценка земли и использование ее результатов. Под ред.
М.А.Гендельман. – Алматы, Кайнар, 1979
7. «Жер кадастры». Ж.Т.Сейфуллин.- Алматы: «ҚазҰАУ», 2001 ж. – 234 б.
8. «Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері». М.А.Гендельман, Ж.Қ.Қырықбаев.- Астана. «Фолиант». 2004 ж.