Internet желісі
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады.
Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Internet-пен қатынас кұру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тсгін берілетін программа, жұмысқа ксрскті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
WORLD WIDE WEB
Internet ішінен керскті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті карастырып өтейік.
World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе больш табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Intcrnet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл әрі ыңғайлы.