Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 55 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Бәсекеге қабілеттілік


Жоспар
Кіріспе 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы 5
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері 14
2 «ШВАБ ШҰЖЫҚ» КӘСІПОРНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ 18
2.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері 18
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі 26
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті 32
3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары 40
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту 40
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік жағдайында жұмыс істеуін жақсарту 45
Қорытынды 53
Қолданылған әдебиеттер 55

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжықтары» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті» деп аталған екінші тарауда «Шваб шұжықтары» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
«Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Шваб шұжықтары» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Шваб шұжықтары» ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны «бәсеке» терминімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасы «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Заңында: «бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы» – деп көрсетілген.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымдады өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.

2 «ШВАБ ШҰЖЫҚ» КӘСІПОРНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

2.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері

Шваб шұжық кәсіпорны 1994 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, «Айгерім Сауда Үйі» АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты – жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 1995 жылы «Айгерім СҮ» АҚ Семей ет комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000 тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру жұмыстары қалпына келтіріледі.

2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі

Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау деректерінің негізінде құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының келесідей бағалау көрсеткіштерін, яғни олардың тиімділігі мен жеткіліктілігі тұрғысынан оңтайлы болып табылатын көрсеткіштерді таңдап жүр.
Кәсіпорынның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін төменде келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:

2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті

Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.

3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту

Қазақстанның экономикасын дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі БСҰ)ену болып табылады.
Біздің облыстың жағдайына келетін болсақ, қазіргі уақытта индустриялық сектордың кәсіпорындары жабдықтардың тозуынан, кадрлардың, жаңа технологиялардың жетіспеуінен және өндірілген өнімдерін өткізуден көп қиындық көруде. Жалпы облыс экономикасының өсіп отырғанынан қарамастан, олардың алдында әлі де болса көп теген қиындықтар тұр. Себебі, республикамыз БСҰ – ына енген уақытта рыногтың ашық болуы, бағалардың ырықсыздандыруы, сапасы жоғары тауарлар шығаратын көптеген бәсекелестердің пайда болуы біздің кәсіпорындарымыздың алдынан көптеген проблемаларды туындатады.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күннен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.

3.2 Кәсіпорынның бәсекелік жағдайында жұмыс істеуін жақсарту

Бүгінгі таңда Қазақстан ірі ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушісі және оларды экспорттаушы болып табылады. Қазір біздің негізгі бағытымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің және басқа сала өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін БСҰ-на мүше болу. Бұл үшін барлық саладағы өндірілетін өнімдердің жоғары сапалы және бәсеке қабілетінің өте жоғары болуы шарт. Сондықтан, біз өндірістерге әлемдегі соңғы жетістіктерді, жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ұйымдастырушылық - басқарушылық әдістер енгізуіміз керек. Бұл үшін ең алдымен қаржы көздері қажет, қазіргі кезде негізгі қаржы көздері болып - шетелдік және отандық инвестициялар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар басым бағыттары болып: өнеркәсіптік, өңдеуші және ауыл шаруашылығы табылады.